ӘЧ-2024: Еліміздің хоккейшілері тағы да жеңіліп қалды
Бұл ең ірі жеңіліс болды.

Швецияда өтіп жатқан хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Германия командасынан ойсырай жеңілді. Есеп - 2:8.
Ал голдар статистикасы мынадай болды:
1:0- Субер (Стаховяк, Петерка) - 01:02
2:0 - Туоми (Кастнер, Угбекиле) - 02:24
2:1 - Старченко (Рымарев, Панюков) - 07:59
3:1 - Петерка (Стаховяк, Виссманн) - 21:11
4:1 - Райхель (Пфедерль) - 28:29
5:1 - Кельбль (Петерка, Стаховяк) - 35:17
6:1 - Райхель (Петерка, Стаховяк) - 50:27
6:2 - Королев (Бойко, Асетов) - 51:52
7:2 - Тиффельс (Штурм) - 54:14
8:2 - Кастнер (Эхль) - 18:34
Мұның алдында біздің хоккейшілер Швеция құрамасынан 1:3 есебімен ұтылған еді.
Қазақстан енді АҚШ-пен 19 мамыр күні сағат 19:20-да, Польшамен 20 мамыр күні сағат 23:20-да ойнайды.
