Мазмұнға өту
Обложка сообщества Экономика 

Билайн абоненттері үшін ақша қайтару (кэшбек) қызметтері

Simply -Билайн номері бар кез -келген Қазақстан азаматы қолдана алатын цифрлы карта. Бұл картаны әмиянда немесе қолда ұстаудың қажеті жоқ, ол кез - келген Билайн операторын пайдаланушының смартфонында қосымша түрінде орналасады. Оны жүктеп алу үшін мына сілтемемен өтсеңіз болды: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.simply. Қосымшаны орнату кезінде сіз телефон номерін тіркеу, картаның номерін, оның жарамды мерзімін, CVV-кодты енгізіп,суретке түсу сияқты іс - шаралар арқылы өзіңізді идентификациядан өткізесіз. Мұны аяқтаған сәтте сіздің цифрлы катаңызға алғашқы 750 бонус келіп түседі.

Қосымшаны орнатқан соң, телефонға Samsung Pay; Garmin Pay ; Apple Pay немесе Google Pay қосымшаларының тиісті біреуін бірге жүктеу қажет. Және тағы да бір назар аударатын жайт - ол смартфонның NFC функциясын қолдайтын мүмкіндігі болып табылады. Соңғы үлгідегі көптеген смартфондарда бұл фуекция бар . Бұл қосымшалар Simplyдің Каспи - QR қызметіне ұқсас төлем (бесконтактный платеж) жасауға мүмкіндік береді. Мұндай төлем үшін Simply цифрлы картасына төленген тауар құнының 3% пайызы бонус ретінде қайтарылады (мысалы 10 000 - ден 300 теңге бонус). Қазақстанның сауда орындарының басым көпшілігі мұндай төлемақыны қабылдай алады.

Интернет желісінде сауда жасау кезінде де осы картаны пайдаланып төлем жасау кезінде, жұмсалған қаржының 1,5 % бонус болып қайтарылады (мысалы 100 мыңнан - 1500 теңге).

Әр ай сайынғы әртүрлі тауарларға арналған 5 % жеңілдіктер мен үнемі қолданылатын Duty Free аумағындағы, зоомагазиндер мен ветиринарлық дәріханалардағы 10 % жеңілдіктер де бар.

Жиналған бонустарды 1000 теңгеден асқан кезде телефонның балансына немесе кез - келген картаға аударуға болады. Айына 30000 теңгеге дейін бонус шығарып алуға рұқсат етіледі. Және бұл бонустар 1 = 1. 12 баламасымен өзгереді, яғни егер 100 теңге аударсақ, ол 112 теңге болып шотқа түседі.

Өз тәжірибемде Simply цифрлы картасын басқа банк карталарына ақша аудару мақсатында да қолданамын. Банктердің карталары басқа банкке аударғаны ушін комиссия ұстаса, Simplyде бұл тегін операция болып табылады. Қазіргі уақытта бұл қосымшада жаңадан мүмкіндіктер пайда болып, ақша аударымдары тек Қазақстан банктерінде ғана емес, сәуір айынан бастап шетелдік карталарға да тегін ақша аудару қызметі іске қосылып отыр.

Бір сөзбен айтқанда, Simply цифрлы картасы өте ыңғайлы , әрі ақша үнемдеу үшін тиімді деп санаймын. Теңге тиыннан құралады.

Тағы да қызықты материалдарды менің Телеграм арнамнан оқуға болады :https://t.me/tenge_tyinnan

0
0
399

Осы тақырып бойынша