Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Астана және еліміздің басқа қалаларында күннің суықтығына байланысты оқушылар сабақтан босатылды

«22 қаңтарда ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты қалалық мектептерде бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары үшін, сондай-ақ колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақтар тоқтатылды», - деп хабарлады Астана қаласының Білім басқармасы.

«Қазгидроменттің» хабарлаы бойынша, Астана қаласында таңертең ауа температурасы 31 градус аяз болған.

Сонымен қатар, Қарағанды, Қостанай, Өскемен, Семей және ШҚО мен СҚО, сондай-ақ Ақмола облысы мен Павлодар облыстарында да оқушылар сабақтан босатылған.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазгидромет» Астана қаласында күн қатты суытатынын хабарлаған болатын, 23-26 қаңтар аралығында ел ордада қатты аяз күтілуде: түнде -35-40, күндіз -27-32.

0
0
206

Осы тақырып бойынша