Мазмұнға өту
Обложка сообщества История

Ассасиндердің тәубесі

Тарих деген қызық, біздің өмір сүріп жатқан кезеңіміз де небір тарихи оқиғаларға куә.

Әуелі шамалы шегініс жасайық. Шамамен 840 жылдар шамасында қазіргі Иранның солтүстігіндегі биік тау бөктерлерінде ассасиндер бекіністері пайда болады. Екінші бөлігі Сирия, Ливан жерлерінде бой көтереді. Шындығында олардың (ассасиндердің) атаулары басқаша еді, тек, өз өмірлерін құрбан етуге даяр жапондардың нинзялары сияқты бұлар да Алдыңғы Азия мен Таяу Шығыстағы және парсы еліндегі талай патша мен сұлтандарды өлтіріп, тіпті Салахадинге дейін қастандық жасайды. Көп жағдайда мақсаттарына жетіп отырған. Бірақ, бұлардың көзсіз ерліктері наша пайдаланудан, яғни гашиш шегуден деседі. Апиынның уытына мас болған олар дүниеден баз кешіп, басшылары қандай бұйрық берсе де орындайды екен ("Мың бір түн" ертегілеріндегі нашақорлар сияқты болар). Сондықтан, гашиш шегушілер, яғни, ассасиндер, кісі өлтіргіштер деп аталып кетеді. Басында оларға еркіндік берген салжұқтар жаудың қайдан келерін білмей қалса керек. Дегенмен, "көп асқанға, бір тосқан" демекші, жергілікті халықтың шағымынан кейін 1256 жылдар шамасында Құлағу хан олардың Аламут қамалын жермен жексен етеді, ал, Байбарыс (Бейбарыс) сұлтан 1273 жылы Таяу Шығыстағы ассасиндерді тәубесіне келтіреді.

Суретте: орта ғасырлық миниатюра, Құлағу әскерлері Аламут қамалын талқандап жатыр

#Аламут

#Ассасиндер

#Anandyq Amirkhamzin

0
0
2806

Осы тақырып бойынша