Күй мерекесі

Бахытжан Бухарбаев April 18, 2012
1707
5
4
0

Бүгін сағат кешкі 7-де Құрманғазы атындағы консерваторияның Үлкен залында күйші әрі композитор Қаршыға Ахмедияровты еске алу кеші өткен болатын. Жұмыстан шыға салып кеш өтетін жерге асықтым (+ ВИДЕО)

Биыл Алматыда мәдениет жылы жарияланған. Осы жылы қаламызда көптеген мәдени шаралар өтетініне анық сенуге болады.

Бүгін сағат кешкі жетіде Құрманғазы атындағы консерваторияның Үлкен залында күйші әрі композитор Қаршыға Ахмедияровты еске алу кеші өткен болатын. Жұмыстан шыға салып кеш өтетін жерге асықтым.

Кеш өтетін жерге жақындай түскенде сыртта күй атасы Құрманғазының "Сарыарқа" күйі естілді. Ғимаратты қоршаған қалың адам. Жақындап келсем, беті жабулы ескерткішті байқадым.

Ойналып жатқан күйлерге, жабулы ескерткіштін қырынан көрініп тұрған домбыраның бір бөлігіне қарап отырып, ескерткіш Құрманғазы Сағырбайұлына арналғанын бірден түсіндім.

Әсем әуен іздеп келіп, Құрманғазы бабамызға арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімін күтпеген жерден көре алдым. Видеоға түсіріп алдым, бейнежазбаны төменде назарларыңызға ұсынып отырмын:

Алматыда жаңа ескерткіш орнын тапты:

Осыдан кейін жиналған кеш өтетін ғимаратқа қарай беттеді. Концерт болды. Концертте күй алыбы Құрманғазының, Нұрғиса Тілендиевтің және Қаршыға Ахмедияровтың күйлері орындалды. Елдің басқа аймағынан келген күйшілер, ұстаздар, Қаршығаның шәкірттері орындады. "Тірі Құрманғазы" атанған күйшіміздің өмірінен үзінділер келтірілді.

Қаршыға тек күйші, композитор, дарынды ұстаз ғана емес, сонымен қатар ән де жазыпты.

Залда жиналған қауымның арасында немістерді байқап қалдым. Қазақ өнерін сүйетін жандардың өзге ұлт арасынан табылып жатқаны қуантарлық жағдай. Бүгінгі кеш менің ішімде үлкен әсер қалдырды.

Оцените пост

-4

Комментарии

0
Рахмет!
Оркестр деген керемет. Мына шара туралы естімей қалғанымды қарашы.
-5
Мен кешке баратынымды алдын ала твиттерде жаздым ғой.
-5
Тек Құрманғазының күйлері болады ғой?
-5
Кеше Құрманғазы, Қаршыға мен Нұрғисаның күйлері орындалды.
0
Байқамай қалғам ғой:(
Показать комментарии