Жаңа
Азаматтарды жеке қабылдау
2021 жылы 23 сәуірде сағат 15.00-де Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков «Nur Otan» Қостанай облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Өтініш берушілер мүгедектікке қатысты сұрақтар қойды, оған барлық қажетті түсініктемелер берілді.
***



23 апреля 2021 года в 15.00 ч руководителем департамента Муратбековым М.Т. проведен личный прием граждан в общественной приемной Костанайского областного филиала партии «Nur Otan».
Заявителями были заданы вопросы касательно инвалидности, на что были даны все необходимые разъяснения.
Шанханай бастауыш партия ұйымының есеп-беру сайлау жиналысы ZOOM платформасы арқылы өтті
«Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалы Саяси кеңес Бюро отырысы
Үстіміздегі жылдың 16 сәуірінде аудан әкімі Ғ.Сарыбаевтың қатысуымен "Nur Otan"партиясының Кербұлақ аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті.«Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалы Саяси кеңес Бюросы отырысының күн тәртібінде:1. «Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының XXVIII есеп беру-сайлау конференциясын шақыру, күн тәртібін және делегаттарды сайлау жөнінде квотаны бекіту туралы.2. «Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша аудандық қоғамдық кеңестердің төрағаларын, құрамдарын, Ережелерін бекіту туралы.3. «Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының Саяси кеңес Бюросы отырысын және бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстарын, аудандық партия филиалының XXVIII есеп беру – сайлау конференциясын…
"Талдыбұлақ" БПҰ - да есеп беру - сайлау жиналысы өтті.
30 игі іс
Айту би ауылдық округі, Көкпекті ауылының тұрғыны Құдайберген Ұзақов атамыздың отбасылық қаражат есебінен балалар ойын алаңының құрылысын, және оның абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Осы игілікті іс шараға ауылдың тұрғындары мен қонақтары белсене қатысуда. #30игііс
Емдеу мекемелерімен кездесу
Бүгін Департаменттің № 4 МӘС бөлімінің қызметкерлері Қостанай облысының емдеу мекемелерімен облыс окулистері, ДКК төрағаларының қатысуымен "Көзі көрмейтін мүгедек адамдарды медициналық - әлеуметтік сараптамаға жіберу құжаттарын ресімдеудің өзекті мәселелері" тақырыбында онлайн-конференция өткізді.МӘС-ке көру бойынша жолдама құжаттарды ресімдеу кезіндегі өзекті мәселелер, медициналық ұйымдардың дәрігерлері "Мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметті проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы бұйрықтың жобасымен танысты.Сырттай куәландыру мүмкіндіктері талқыланды, тифлотехникалық құралдарға қатысты медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер тізбесі егжей-тегжей…
Іле аудандық Саяси кеңес Бюросының отырысы
Іле аудандық Саяси кеңес Бюросының отырысы2021 жылғы 16 сәуір күні Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының Саяси Кеңесі Бюросының отырысы өтті. Отырысқа «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Б.Қарасаев, «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Сатибаев, Саяси кеңес Бюросының мүшелері қатысты. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды:«Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы XXVII -шы есеп беру –сайлау Конференциясын шақыру, күн тәртібін және делегаттарды сайлау жөніндегі квотаны бекіту. «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының Сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша аудандық қоғамдық кеңестер төрағаларын, құрамдарын және ережелерін бекіту. «Nur Otan» партия…
Қоғамдық қабылдау
Алматы облысы Ауғанстан соғысы және әскери қызмет ардагерлер қауымдастығының жауынгерлік- бауырластық ұйымының төрағасы- Данабеков Ержан Сүлейменұлы "Nur Otan" партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысов пен аудан әкімі Е.Исабековке Қаратал ауданы ауған соғысы ардагерлерінің түйіткілді мәселелерін айта келді. Е.С.Данабековтың мәселесі болашақта қолға алынатыны айтылды
Құттықтау
Алматы облысы Ауғанстан соғысы және әскери қызмет ардагерлер қауымдастығының жауынгерлік- бауырластық ұйымының төрағасы- Данабеков Ержан Сүлейменұлы "Nur Otan" партиясы Қаратал аудандық филиалына партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысовты жаңа жұмыс орнымен құттықтап, ісінің игілікті болуын тілеп қайтты.