Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Жаңарған-Өңір" БПҰ есеп беру-сайлау жиналысы

«Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалының бекітілген кестесіне сай бүгін «Жаңарған Өңір» бастауыш партия ұйымының төрағасы Қаресов Айдар Қанатқалиұлы елімізде болып жатқан індетке байланысты онлайн форматта есеп беру-сайлау жиналысын өткізді.

Күн тәртібінде:

*-* БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есеп және алдағы кезеңге арналған міндеттер;

*-* Төрағаны және төрағаның орынбасарын, қажет болған жағдайда – БПҰ Бюросын сайлау («Nur Otan» партиясы Жарғысының 8.6.3-тармағына сәйкес 50-ден астам партия мүшесі болған жағдайда);

*-* Партияның тиісті аудандық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау.

Күн тәртібіне сай 2019-2020 жылдарда атқарған есебі тыңдалып, келесі мәселе бойынша "Nur Otan" партиясы Жаңақала аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Саматов Рухолла Аманғалиұлы сөз сөйледі. Айдар Қанатқалиұлына 2 жыл ішінде атқарған жұмысына өз ризашылығын білдіріп, «Жаңарған Өңір» бастауыш партия ұйымының төрайымы етіп Мирасова Асем Ерболатқызын ұсынды. Партия мүшелері бір ауыздан қолдады. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудандық филиалының конференциясына делегаттар сайланды.

1
0
229

Осы тақырып бойынша

"Жаңарған-Өңір" БПҰ есеп беру-сайлау жиналысы - Yvision.kz