Мазмұнға өту

Жаңа

Мүгедектік мерзімін және (немесе) еңбек етуқабілетінен айырылу дәрежесін есептеу және бұрын ...

Мүгедектік мерзімін және (немесе) еңбек етуқабілетінен айырылу дәрежесін есептеу және бұрын белгіленген мүгедектік мерзімін және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін қайта куәландыру тәртібіМүгедектік мерзімін өткізіп алған кезең үшін мерзімді есепке алу:1) қайта куәландырудың алдыңғы белгіленген күнінен бастап бір айдан аспайтын қайта куәландырудың кезекті мерзімін өткізіп алған жағдайда бір айға дейін;2) дәлелді себептер (үздіксіз ұзаққа созылған стационарлық емделуіне не табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға байланысты келуге мүмкіндігінің болмауы) бойынша қайта куәландырудың мерзімін өткізіп алған жағдайда үш жылға дейін. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.01.2015ж №44 бұйрығымен бекітілген медициналық-әлеуметтік сара…

0
0
309

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі онлайн-конференция өткізді, оның шеңберінде ...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі онлайн-конференция өткізді, оның шеңберінде орталық мемлекеттік органдар өкілдеріне Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласы таныстырылды. Баяндамашы ретінде Саясат Нұрбек сөз сөйледі, ол серіктес ретінде Атласты әзірлеу және енгізу бойынша жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде әдіснамалық, әкімшілік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді. Өз сөзінде ол мемлекет тарапынан стейкхолдерлер әзірлеген Атласты қолдану перспективалары туралы әңгімеледі, сондай-ақ оны еңбек нарығын болжауды жақсарту, жоғары және ТжКБ бағдарламаларын жаңарту және кәсіптік стандарттарды жаңарту құралы ретінде пайдалану үшін негізгі бағыттар бойынша ұсынымдар берді. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/199852...***Министерств…

0
0
250

А.Байгунысовтың құттықтауы

12 - Мамыр Халықаралық медбикелер күні!

«Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысовтың құттықтауы.

Ардақты, ақ халатты, абзал жандар!

Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз - медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! «Денсаулық - адам үшін баға жетпес байлық». Бұл күн- құрмет пен алғысқа бөленген, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі, ақ халатты абзал жандардың мерекесі.

Адам өміріне арашашы абзал жандарды төл мерекелерімен құттықтай отырып, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімді білдіремін.

0
0
358

"NurOtan" Қоғамдық қабылдау.

"NurOtan”Қоғамдық қабылдау.Бүгінгі таңда партияның қоғамдық қабылдаулары арқылы көптешен мәселелер шешімін табуда.Тұрғындардың «Nur Otan» партиясына жүгінуі бұл бірегей партияға деген үлкен сенім. Халық проблемасына құлақ, түріп, оны шешудің жолдарын таба білу қоғамдвқ қабылдаудың басты ұстанымы екені анық. "Nur Otan" партиясының аудандық филиалы бұл күндері қоғамдық қабылдау ісін жүйелі жүргізуге ерекше назар аударуда. Жоспарға сәйкес облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік атқарушы органдардың басшылары мен консультативтік-кеңесші органдардың мүшелері дәстүрлі қабылдаулар өткізіп тұрады. Бүгінгі таңдағы ауданымызда қалыптасқан карантиндік талаптарды сақтай отырып,төрағаның бірінші орынбасары,аудандық мәслихат депутаты Свеьлана Байтенова онлайн форматта қабылдау өт…

0
0
203

"Nur Otan" партиясының Үржар аудандық филиалы

"Nur Otan" партиясының Үржар аудандық филиалы Риддер қаласында орын алған жағдайға байланысты өрттен зардап шеккен отбасыларға тұрмысқа қажетті алғашқы көмек көрсету үшін #Bizbirgemiz акциясын жариялайды.

2
0
241

Бақытты отбасы партиялық жобасы аясында қайырымдылық акциясы

Аудандық мәслихат депутаттарының ұйымдастыруымен "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында Рамазан айында қайырымдылық акциясы өтті. Акция барысында көп балалы аз қамтылған отбасыларға азық-түлік корзиналарымен көмек көрсетілді.

0
0
183

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «30 игі іс» республикалық марафоны аясындағы шара

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «30 игі іс» республикалық марафоны аясында аудандық мәслихат депутаты, «Аманбол» Ш/Қ қожалығының жетекшісі Мырзағалиев Амангелді Рахымұлы Саралжын ауылы тұрғындарының күл-қоқыстарын өз қаражаты есебінен ауыл сыртындағы полигонға тасып, полигон айналасын тазалап игі іс жасауда.

0
0
186

Аудан әкімі тұрғындарды қабылдады

30 сәуір күні аудан әкімі Жанат Асантаев «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында тұрғындарға қабылдау жүргізді.

Аудан әкімінің қабылдауында апатты жағдайда тұрған тұрғын үй мен материалдық көмек сондай-ақ тұрғын үйге газ кіргізу, жұмысқа орналасу сынды қабылдауға келген көпшілігінің толғандырған мәселесі болды.

Тұрғын үй мәселесіне қатысты сауалдарға жауап қайтарған аудан əкімі Ж.Асылханұлы тиісті дәрежеде көмек көрсетілетінін жеткізді.

Аудан басшысы тұрғындардың талап-тілектеріне орай жұмыстанатындығын айтып, көтерілген мәселелер бойынша жауапты бөлім басшыларына тапсырма берді.

0
0
225