Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"NurOtan" Қоғамдық қабылдау.

"NurOtan”Қоғамдық қабылдау.

Бүгінгі таңда партияның қоғамдық қабылдаулары арқылы көптешен мәселелер шешімін табуда.Тұрғындардың «Nur Otan» партиясына жүгінуі бұл бірегей партияға деген үлкен сенім. Халық проблемасына құлақ, түріп, оны шешудің жолдарын таба білу қоғамдвқ қабылдаудың басты ұстанымы екені анық. "Nur Otan" партиясының аудандық филиалы бұл күндері қоғамдық қабылдау ісін жүйелі жүргізуге ерекше назар аударуда. Жоспарға сәйкес облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік атқарушы органдардың басшылары мен консультативтік-кеңесші органдардың мүшелері дәстүрлі қабылдаулар өткізіп тұрады. Бүгінгі таңдағы ауданымызда қалыптасқан карантиндік талаптарды сақтай отырып,төрағаның бірінші орынбасары,аудандық мәслихат депутаты Свеьлана Байтенова онлайн форматта қабылдау өткізді.Қабылдауға телефон арқылы байланысқа шыққан аудан тұрғындары жарықтандыру,радионы тыңдай алмай отырғандығы туралы мәселелерді алға тартты.Аталған бірінші мәселе бойынша Шыңғырлау ауылдық округі әкімі аппаратына ұсыныс хат жолданды.Сонымен қатар екінші мәселе бойынша жауапты аудандық,облыстық деңгейдегі мамандармен хабарласып,шешу жолдаоы анықталды.Қоғамдық қабылдаудың мақсаты - халықтың түйіткілді мәселелерінен құлағдар бола отырып, оны шешу жолдарын қарастыру.

0
0
171

Осы тақырып бойынша

"NurOtan" Қоғамдық қабылдау. - Yvision.kz