Әділдік ізгіліктін іргетасы
Әділдік ізгіліктін іргетасы
Әділдік ізгіліктін іргетасы
Күш біріктіріп күрескен абзал
Жемқорлықпен күрес басты міндет
Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу қажет
Жемқорлық ұлтқа деген қастандық
Біздің мақсат - жемқорлықты жою
Жемқорлық-яғни бұл сатып алу деген мағынаны білдіреді. Бұл мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстың іс-әрекеттері. Жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті үшін ақша, бағалы қағаздар, өзгеде мүлік, мүлік құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, туыстық, жерлестік т.б жақындықтарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу.Мемлекетте жемқорлықтың бел алуы көлеңкелі экономиканың пайда болып, экономикалық өсу қарқынының тежелуі…
Сыбайлас жемқорлық – бұл пара беру және алу ғана емес, сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекеттік (қызметтік) билікті өзінің жеке мүддесі үшін теріс пайдалану. Басқаша айтқанда, бұл жеке тұлғаның пайда табу мақсатында мемлекет пен қоғамның заңды мүдделеріне қайшы келетін өзінің лауазымдық жағдайын заңсыз пайдалануы. Мемлекет пен қоғамның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық билікке, мемлекет пен қоғамға зиян келтіре бастайды. Сыбайлас жемқорлық билікті және онымен байланысты мүмкіндіктерді бүкіл қоғамның мүддесі үшін емес, жеке тұлғалардың немесе белгілі бір адамдар тобының мүддесі үшін пайдалануды білдіреді, бір сөзбен айтқанда, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билікті жеке мүдделер үшін заңсыз пайдалануды білдіреді.Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асырудың негізгі бағыттарының бірі…
Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Ал шешiмi күрделі мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – сыбайлас жемқорлық. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық.Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.Елбасы биылда «Қазақстан халқының әл-ауқатын…
Қоғамдық қабылдау .
«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары,аудандық мәслихат депутаты Байтенова Светлана Ешматқызы аймақта короновирустық жағдайдың күрделенуіне байланысты, санитарлық талаптарды сақтай отырып, аудан тұрғындарымен онлайн және WhatsApp желісі арқылы жеке қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан тұрақты жұмысқа орналасу,баласын балабақшаға орналастыру ,”жасыл ел”бағдарламасына қатысу мәселелерін алға тартты.Барлық өтініштерге сәйкес құзырлы мекеме басшыларымен хабарласып,заң аясында түсінік берілді.”Nur Otan”партиясы тұрғындар көтерген мәселелерді назарда ұстайтын болады.