Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлері арасында«OFFICE OLIMPICS» атты кеңсе олимпиадасы
Ағымдағы жылдың 18 маусым күні Талдықорған қаласы, «Жастарға қызмет көрсету орталығында», ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 23 маусым Мемлекеттік қызметші күніне орай "Office olympics" атты кеңсе олимпиадасы ұйымдастырылып өткізілді. Шараның мақсаты, облысымыздың мемлекеттік қызметкерлері арасында бір-бірімен достық қарым-қатынасты нығайтуға, ой ұшқырлығы мен ұжымдық әрекет ету дағдысын қалыптастыруға, ізденпаздық пен жылдамдық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Қойылған олимпиаданың талаптары, жылдамдық пен ұшқырлық, дауыс мәнері және тіл тазалығы, сөйлеу мәдениеті мен киім үлгісін сақтауы. Жалпы жарысқа облыстық басқар…