Даулы баспананың дабырасы
Тұрғындар Орал қаласының Зашаған кентінде салынған үйдің сапасына байланысты «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-мен дауласқанына екі жылдай уақыт өтіпті. 2019 жылы пайдалануға берілген тоғыз қабатты үй әлі күнге аталған компанияның меншігінде тұр. «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясы баспана бойынша шағым жасаған тұрғындармен кездесті. Айта кетейік, бұрын компания атауы «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ» болған.– Қызым жалғызбасты ана санатымен жаңа пәтерге қол жеткізді. 2019 жылдың маусым айында бірінші қабаттағы пәтерге орналастық. Мен де қызыммен бірге тұрамын. Уақыт өте үйдің сапасыз салынғаны белгілі болды. Қыс бойы жертөледе мотордың даусы гүрілдеп шығады. Тіпті пәтеріміздің едені дірілдейді. Жиектасты балкон тұсына дейін тая…


