Бақытты отбасы
«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Қаратал аудандық филиалы шілде айында «Бақытты отбасы »жобасы аясында 3 іс-шара 5 адамның қатысуымен 25 адамға көмек көрсетілді. "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында барлық 3 іс-шара БАҚ бетіне, әлеуметтік желілерге жарияланды. Мысалы, "Бақытты отбасы" жобасы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында "Nur Otan" партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысовтың ұйымдастыруымен "Құрбан айт " мерекесіне орай, 30131 әскери бөлімінің подполковнигі- Киреев Ренат Сағындықұлы, лейтенант - Манап Жандәулет Жүрсінбекұлы, кіші сержант- Жаксыбекова Айжан Русланқызының қолдауларымен 6 отбасын айт мерекесімен құттықтап, азық-түлік себетімен қамтамасыз етті. Сондай-ақ, "Бақытты отбасы" жобасы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында "Nur Otan" партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысов "Құрбан айт " мерекесіне орай, Тастөбе ауылының тұрғыны, жалғыз басты ана Қабдыр Бақаргүлді және де Үштөбе қаласының тұрғыны I топ мүгедегі Дюсенбекова Ғалияны айт мерекесімен құттықтап қайтты, Құрбандыққа шалынған малдың етінен қол үзік берілді. "Nur Otan" партиясы Қаратал аудандық филиалында аудандық мәслихат депутаты Мүкенова Дина Арсланқызы азаматтарды қоғамдық қабылдау бөлмесінде жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауда азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, өтініштері оң шешімін тапты. #Бақыттыотбасы
