Облыстың жергілікті атқарушы органдарының қатысуымен вебинар-кеңес өткізілді
Жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа жүйеге сәйкес төленеді. Ендігі кезекте олардың еңбекақысы атқаратын лауазымға жүктелген функционалдық өкілеттіктерге байланысты бекітіледі және қызмет ерекшелігіне байланысты 3 блоктан тұрады.«А» блогына мемлекеттік органға жүктелген миссияларды, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді тікелей іске асырумен, мемлекеттік саясатты тұжырымдауға, айқындауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындаумен байланысты лауазымдар жатқызылады.«В» блогы - мемлекеттік органға жүктелген миссияны, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға, мемлекеттік саясатты тұжырымдауға, айқындауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға жәрдемдесу сипатына ие.«С» блогы - мемлеке…