Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстың жергілікті атқарушы органдарының қатысуымен вебинар-кеңес өткізілді

Жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа жүйеге сәйкес төленеді. Ендігі кезекте олардың еңбекақысы атқаратын лауазымға жүктелген функционалдық өкілеттіктерге байланысты бекітіледі және қызмет ерекшелігіне байланысты 3 блоктан тұрады.

«А» блогына мемлекеттік органға жүктелген миссияларды, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді тікелей іске асырумен, мемлекеттік саясатты тұжырымдауға, айқындауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындаумен байланысты лауазымдар жатқызылады.

«В» блогы - мемлекеттік органға жүктелген миссияны, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға, мемлекеттік саясатты тұжырымдауға, айқындауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға жәрдемдесу сипатына ие.

«С» блогы - мемлекеттік органға техникалық қызмет көрсетумен және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етумен байланысты лауазымдар жатқызылады.

Мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген лауазымдарды функционалдық блоктарға бөлуді комиссия жүзеге асырады және пероналды басқару қызметі (кадр қызметі) осы комиссияның жұмысшы органы болып табылады.

Осыған сәйкес, Департамент 20 тамыз күні видеобайланыс арқылы аудан, қала әкімдіктерінің аппарат басшылары және кадр қызметкерлерінің қатысуымен өткен жиналыста «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу әдістемесін түсіндіріп өтті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті

0
0
332

Осы тақырып бойынша