Қазақстан халқының 98,9% жаппай ауызсумен қамтылған
«Халықты ауызсумен қамтамасыз ету және су қорын келешек ұрпаққа сақтау үшін жан-жақты шаралар қабылдау – біздің тікелей міндетіміз», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.2024 жылы 3100 шақырым сумен жабдықтау желісі салынып, қайта жаңартылды. Былтырғы жыл қорытындысы бойынша қазақстандықтардың 98,9%-ы сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етілген: қала тұрғындарының 99,4%-ы және ауыл тұрғындарының 97,8%-ына сапалы ауызсу қолжетімді.(Анықтама үшін: 2020 жылы ауыз сумен 93,8% азамат қамтылды, 2021 жылы – 95,6% , 2022 жылы – 96,5% , 2023 жылы – 97,8%).Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде 2024 жылы еліміздің 6 өңірінде: Ақмола, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында топтық су құбырларын салу және реконструкци…