Ашық есік күні
Ашық есік күнін өткізу аясында ағымдағы жылдың 1 қазанында облыс тұрғындарын қызықтыратын және маңызды медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша Департамент қызметкерлері тікелей эфир өткізді. Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңмен ҚР Сенаты қабылдаған жаңалықтар туралы хабарлады. Жаңа енгізіліммен 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды баланың денсаулығының бұзылу және тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесін ескере отырып, мүгедектік топтары бойынша бөлу, МӘС жүргізуді сырттай куәландыруды енгізу, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша бір мезгілде жәрдемақы алу құқығын беру, мүгедектіктің себебіне қарамастан, I…