Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Ашық есік күні

Ашық есік күнін өткізу аясында ағымдағы жылдың 1 қазанында облыс тұрғындарын қызықтыратын және маңызды медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша Департамент қызметкерлері тікелей эфир өткізді. Департамент басшысы М.Т. Мұратбеков "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңмен ҚР Сенаты қабылдаған жаңалықтар туралы хабарлады. Жаңа енгізіліммен 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды баланың денсаулығының бұзылу және тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесін ескере отырып, мүгедектік топтары бойынша бөлу, МӘС жүргізуді сырттай куәландыруды енгізу, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша бір мезгілде жәрдемақы алу құқығын беру, мүгедектіктің себебіне қарамастан, I топтағы мүгедектігі бар адамдарды күтіп-бағатын азаматтарға жәрдемақы енгізу көзделеді. Департамент басшысының орынбасары А.Қ. Душанова Қостанай облысындағы мүгедектік жағдайы туралы қысқаша ақпарат берді. Тікелей эфир барысында онлайн қайта куәландыру, жәрдемақы тағайындау, инклюзивті білім беру, мүгедек адамдарға берілетін жеңілдіктер, санаторлық-курорттық емдеу сияқты түрлі сұрақтар қойылды. Барлық сұрақтарға өтініш білдірген азаматтарға толық жауаптар берілді Департамент халықпен осындай тікелей эфирлер өткізуді жалғастырады. Тікелей эфирді Instagram @deptruda_kostanay парақшасынан көруге болады.

***

В рамках проведения Дня открытых дверей 1 октября т.г. проведен прямой эфир сотрудников Департамента по важным и интересующим жителей области вопросам медико-социальной экспертизы. Руководитель Департамента Муратбеков М.Т. сообщил о вводимых новшествах принятым Сенатом РК законом «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты РК по вопросам социальной защиты отдельных категорий граждан». Нововведением предусматривается разделение детей в возрасте с 7 до 16 лет по группам инвалидности с учетом степени нарушений здоровья и ограничений жизнедеятельности ребенка, внедрение заочного освидетельствования проведения МСЭ, предоставление права на одновременное получение пособий по инвалидности и по случаю потери кормильца, введение пособия гражданам, осуществляющим уход за лицами с инвалидностью I группы, вне зависимости от причины инвалидности. Заместитель руководителя Департамента Душанова А.К. проинформировала коротко о состоянии инвалидности в Костанайской области. В ходе прямого эфира были заданы вопросы различного рода касательно: онлайн переосвидетельствования, назначения пособий, инклюзивного образования, льгот для лиц с инвалидностью, санаторно-курортного лечения. На все вопросы были даны исчерпывающие ответы обратившимся гражданам Департамент продолжит проведение такого рода прямых эфиров с населением. Прямой эфир можно посмотреть на странице Instagram @deptruda_kostanay.

0
0
247

Осы тақырып бойынша

Ашық есік күні - Yvision.kz