Сауалнама нәтижесі: Елдегі өзгерістерге халық қалай қарайды?
Сауалнамаға қатысқандардың 70%-дан астамы елдің дұрыс бағытта дамып келе жатқанын айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.Қоғамдық саясат институтының зерттеу нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 70%-дан астамы Қазақстанның дұрыс бағытта дамып келе жатқанын атап өткен. Мұндай пікір әсіресе ауыл тұрғындары (80,7%), 24 жасқа дейінгі жастар (78,9%) және әйелдер (72,2%) арасында кең таралған.Халықтың қазіргі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға берген бағасы салыстырмалы түрде біршама ұстамды оптимизмді көрсетеді – сәйкесінше 76,5% және 67%.Бұл нәтижелер елде жүргізіліп жатқан реформаларға деген оң көзқараспен байланысты. Мәселен, қоғамдық-саяси салада азаматтарға ауыл және аудан әкімдерін тікелей сайлау мүмкіндігі берілді, сайлау жүйесі ашық бола түсті, Ко…