Айналамызға қарасақ, күнделікті түрде күйгелектеп, шыж-быж боп, бірдеңеге көңілі толмай, «Том и Джерри» боп жүрген жеті-сегіз жандарды жиі көреміз де жатамыз. Мектептегі мұғалім болсын, университеттегі группаласыңыз бола ма, жұмысыңыздағы әріптесіңіз, қала берді мекемедегі қызметкер көңілі сыр көтермей, негативті энергетикасымен сіздің де көңілізді түсіріп не болмаса «қап, мынау-ай» дегізері сөзсіз. Мұның сыры неде, қадірменді ағайын? Қатардағы азаматтар бойына «нервотрепканы» ендіріп жатқан қандай күш? Санамалай берсек, сіз бен біз көптеген факторларды бірігіп анықтармыз (мүмкін өз пікірлеріңізбен бөліскенде, халықты «шыж-быж» ететін өзге факторлар жайында жатарсыз). Кішігірім зерттеуіміздің нәтижесі көңіл толтыратындай болу үшін, өзімізше мәселенің белін түйіп, кейс қарастырайық. Алматы…