Мазмұнға өту

Жаңа

Медет Әуімжанұлы қоғамдық қабылдау бөлмесінде, кестеге сәйкес азаматтарды қабылдауын өткізді.

18.10.2021 жылы "Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты Мұқатай Медет Әуімжанұлы қоғамдық қабылдау бөлмесінде, кестеге сәйкес азаматтарды қабылдауын өткізді. Қабылдауға жазылған азамат Мақұлбекова Гулмира Жаскент ауылының тұрғыны көп балалы ана, асыраушысынан айрылған, от жағу маусымы келуіне байланысты, қатты отынмен көмектесуін сұрап келді. Қабылдау нәтижесінде қаржылай 5000 теңге және қатты отын 1 тонна көмір алуға ықпал ететінін жеткізді. Мәселесі оң шешім тапты. Қабылдауға жазылған азаматша өз тарапынан шексіз алғысын білдірді.

0
0
184

Рухани келісім күні

Рухани келісім күні18 қазан – Рухани келісім күні. Бұл күн Қазақстанда дүниежүзілік деңгейдегі теңдессіз оқиға – рухани келісімнің алғашқы әлемдік конгресі өткен 1992 жылдан бастау алады.Алматыда барлық діндердің өкілдері, белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері бас қосып, манифест қабылдап, 18 қазанды Рухани келісім күні деп жариялауға шақырды.Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі – тәуелсіз мемлекеттің басты құндылығы, оның маңызды қағидасы – азаматтардың діни сезімдерін құрметтеу. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Алматыда өткен конгрес Елбасының бітімгершілік идеяларына жол ашты. Олардың арасында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі ерекше орын алады.Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев: «Береке мен бірлік, тұрақтылық пен тыныштық, татулық пен к…

0
0
170

«Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында

«Nur Otan» партиясы Панфилов ауданы филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында, Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30жылдығы қарсаңында Үлкеншыған ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен, Тәуелсіздік тартуы, атты тарихи танымдық сағат өткізіліп көпшілік назарына ұсынды.

#Ұлттықмұра

0
0
147

Бюро отырысы өтті

Бүгін онлайн түрде "Nur Otan" партиясы Теректіаудандық филиалының Саяси Кеңесі Бюросының отырысы өткізілді. Филиал төрағасының бірінші орынбасары М.Ибраев төрағалық еткен бюро отырысының күн тәртібінде "Теректіаудандық филиалының кезектен тыс XXXV конференциясына Теректі ауданы Шалқар ауылдық округі әкіміне "Nur Otan" партиясы атынан кандидаттар ұсыну туралы" мәселесі бекітілді. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша филиал төрағасының бірінші орынбасары М.Ибраев хабарлама жасады. Бюро мүшелері тарапынан кезектен тыс өтетін XXXV конференция қарауына ұсынылған кандидаттар мақұлданды.

0
0
188

БПҰ жиналыстары өтті

БПҰ ЖИНАЛЫСТАРЫ ӨТТІ

Аудандық Саяси кеңес Бюросы отырысында кезектен тыс XXXV партиялық конференциясы 5 қараша күнi ɵтетiнi туралы қаулыға қол қойылған болатын.

Соған орай 3-4 қараша күндері аудандық партия филиалының 16 бастауыш партия ұйымдарында партиялық жиындары өтті. Күн тәртібінде 1 мәселе қаралды: аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі cайлауына байланысты 5 қарашада өтетін «Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалының кезектен тыс XXXV конференциясына делегаттарды сайлау.

Күн тәртібіне сәйкес конференцияға бастауыш партия ұйымы атынан делегаттар сайланды.

0
0
191

Қоғамдық қабылдау өтті

Қоғамдық қабылдау өтті

2021 жылдың 02 қарашада "Nur Otan" партиясы Тасқала аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіндеТасқала аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары, аудандық маслихат депутаты Л.Жұбанышқалиева санитарлық талаптарды сақтай отырып азаматтардың жеке сұрақтары бойынша офлайн қабылдау өткізді

0
0
158

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов пен Халықаралық ...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов пен Халықаралық еңбек ұйымы бюросының Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріне арналған директоры Ольга Кулаева онлайн келіссөз жүргізіп, оның барысында пандемиядан шығу, еңбек инспекциясы жүйесін жаңғырту, Әлеуметтік кодексті әзірлеу және «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы жастарын жұмыспен қамту саласындағы серіктестік» жобасы бойынша Ұлттық диалогты жүргізудегі ынтымақтастық жөніндегі жоспарлар қаралды. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/279726...***Первый вице-министр труда и социальной защиты населения РК Акмади Сарбасов и Директор Бюро Международной организации труда для стран Восточной Европы и Центральной Азии Ольга Кулаева провели онлайн переговоры, в ходе которых были рассмотрены планы по сот…

0
0
336

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын...

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес, Қазақстанда мүгедектік себебіне қарамастан, I топ мүгедегіне күтім жасайтын адамдарға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 мөлшерінде (2021 жылы – 48023 теңге) жәрдемақы енгізілді. Заңды іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/279576... *** В соответствии с законом «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по во…

0
0
402

“Бақытты отбасы” бағдарламасы бойынша

31.03.2021 жылы Қапшағай қаласының тұрғыны, жалғызбасты ана М.Қалағанова баспана кезегінде тұрғанын, сондай-ақ “Бақытты отбасы” бағдарламасы бойынша жергілікті әкімшілік тарапынан баспанаға берілетін қаржылай сертификат туралы мәселесін айтып келген болатын.

Осыған орай облыстық мәслихат депутаты Устенов Бағдәулет Нағыметбекұлы қоғамдық қабылдауға келген азаматшаға тиісті мекемелерге депутаттық сауал жолдаған болатын. Бүгінде сол мәселе оңды шешімін тапты. М.Қалағанова алғысын айтып, партиямыздың алдағы уақыттағы жобаларына сәттілік тілейтінін білдірді.

0
0
264

Ыбырай Алтынсарин «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш»

Биыл халық ағартушысы, жазушы, ақын Ыбырай Алтынсаринға 180 жыл. Ыбырай атамыздың артынан халдырған мұрасы өте құңды және тәрбиелік мәні бар жәдігер. Сондай көркем әңгімесінің бірің сіздерге ұсынып отырмыз!

#30летНезависимостиРК #ҚРТауелсіздігіне30жыл

0
0
649