Қазақ блогшыларымен әңгіме
Қазақ блогосферасы — өзіндік стилі, тілі, өмірлік көзқарасына ие ерекше әлем. Себебі әр қазақ блогшысы ана тіліне, салт-дәстүріне, тарихына, өнеріне деген құрметінен пайда болған толғанысын өз электронды жазбаларына көшіруге тырысады. Бірақ көпшілікке үйреншікті түрде емес, жаңаша, қызықты, әрі заманымызға сай. Бірі әлеуметтік тақырыпты қозғаса, екіншісі әдебиет, тағы біреуі қолөнер мен кино өнерін талқылайды. Бүгін қазақ блогосферасына танылып үлгерген қыз-жігіттер өзінің блог-тәжірибесімен, ой-толғаныстарымен бөліспек. Анар - Ақзере Блогымды 2007-жылдың қараша айынан бастап жүргізіп келемін. Ең алғашында wordpress тұғырынан ашқанмын, алайда, соңғы кездері тұғырнаманы блоктау сынды орын алып жатқан ақауларға байланысты блогымды dosym.kz-ке ауыстырдым. Жалпы блог бастауыма келетін болсам,…

