«Екпін» 1 жасқа толды
Редакция ұжымына cөз берсек... Әлия Сембай: Өткен аптада бір шетелдік сериалдан: «Бұл әлем сенсіз де өмір сүре алады, оған несіне ренжисің» — деген сөзді естіп, еріксіз мойындадым. Қазіргі заманда әр маңызды ақпарат, қуанышты жаңалық не трагедия 1-2 күн ғана өмір сүреді. Кешегі жұлдыз бүгін сөніп, орнына жаңасы туады, кеше тамашалаған кинотуындыны бір айдан соң ешкім де еске түсірмейді, твиттерде 50 ретвитке ие болған маңызды хабарлама мыңдаған хабарламалардың астында бірер күннен соң табылмай қалады. Біз ұмытшақпыз. Тренд, сән, «медиа шуға» құмармыз. Өзгерістен қалып қоюға қорқамыз; асығыс шешім қабылдаймыз. Достарымызды әлеуметтік желілердегі френдтерге әлдеқашан ауыстырып, қағаз кітапты электронды сияға айырбастадық. Симфониялық концертіміз құлаққапта, дәрістеріміз мониторда, ал киім-к…


