Мазмұнға өту

Жаңа

Семейліктер Астанада өтетін әскери шеруді тамашалауға жиналды

Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад өтеді.

Семейліктер әскери шеруді тамашалау үшін облыс орталығындағы Арбатқа келді. Ардагерлер, облыстық мәслихат депуттары, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдері мен жастар алаңқайға қойылған LED-экранның қасына жиналды.

Айта кетейік, Елордадағы Әскери парадқа қатысуға Абай облысынан 16 адамнан құралған делегация аттанды. Оның ішінде тыл және еңбек ардагерлері бар.

0
0
204

Temu Қытайдан АҚШ-қа жеткізілімді тоқтатты

Temu Қытайдан АҚШ-қа тікелей жеткізуді тоқтататынын мәлімдеді. Енді америкалықтар маркетплейстен тек АҚШ аумағындағы қоймаларда бар тауарларды ғана сатып ала алады. Бұл қадам арқылы Temu Трамп әкімшілігі енгізген қытайлық импортқа салынған қосымша салықтарды айналып өтуді көздейді.Осы жылдың 2 мамырында Ақ үй бұрынғы de minimis ережесінің күшін жойғанын ресми түрде жариялады. Бұл ереже бойынша АҚШ-қа жіберілетін құны $800-ден аспайтын шағын сәлемдемелерге салық салынбайтын. Осы жеңілдік арқасында Temu, Shein және AliExpress сияқты ірі қытайлық маркетплейстер АҚШ-қа сапасы онша емес, арзан тауарларды жаппай экспорттап келді. Ресми мәліметтерге сәйкес, АҚШ күніне Қытайдан 4 миллионға дейін арзан сәлемдеме қабылдаған.Енді бұл ағым мүлде тоқтамаса да, айтарлықтай азаяды. Қазіргі ережеге сәйке…

0
0
274

Астанада «Батырларға тағзым» порталының таныстырылымы мен қолжазбалар көрмесі өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде қазақстандық майдангерлер туралы мәліметтерді қамтитын «Батырларға тағзым» порталының таныстырылымы және құжаттық көрме өтті.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі іске қосқан «Батырларға тағзым» (https://batyrlarga-tagzym.kz) сайтында қазірдің өзінде 678 331 ардагер, оның ішінде 365 Кеңес одағының батыры, 4 екі мәрте Кеңес одағының батыры және 19 «Даңқ» орденінің кавалері және басқа да ержүрек жауынгерлер туралы кең көлемді мәліметтер базасы мен галереясы бар.Порталға күн сайын 100-ден аса өтінім келіп түсуде. Соңғы 2 күндегі есеп бойынша, веб-порталға ардагерлердің тізімін енгізу бойынша Астана,  Алматы қалалары, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Атырау облыстарынан өтінімдер белсенді түскен.Интерфейс қажетті ақпаратты табуға ғана емес, со…

0
0
150

Семейде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік жүгірісі» өтті

Семей қаласында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні аясында кең көлемдегі «Бірлік жүгірісі» марафоны ұйымдастырылды. Жарысқа кәсіби спортшылармен қатар әуесқой жүгірушілер де қатысты. Қатысушылар 5 және 10 шақырым қашықтықтардың бірін таңдай алды. Жүгіру Қалалық офицерлер үйінің алдындағы алаңнан басталып, Әуезов даңғылы бойымен өтті.Мерекелік көңіл-күй, спорттық жігер және шуақты ауа райы бұл күнді нағыз жарқын әрі есте қаларлық оқиғаға айналдырды. Жарысқа жастар, спорт ардагерлері, мекеме қызметкерлері, оқушылар мен студенттер қатысты. Көптеген адам жарысқа жанұясымен және достарымен келіп, спортшыларды қолдап, бірлік рухын бірге бөлісті.Семей қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қуат Исажанов мұндай шаралар спортты насихаттап…

0
0
144

«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Balapan» телеарнасы 1 мамырдан бастап «Желаяқ» толықметрлі анимациялық фильмін прокатқа шығарады.«Желаяқ» – шытырман оқиғаға толы, қиял-ғажайыпқа құрылған анимациялық туынды. Фильмнің басты кейіпкері – ерекше қабілетке ие 6 жастағы Әлем. Әлемнің бар қабілетін иемденгісі келген Мыстан есімді зұлым оған қарсы шығады. Осы сәттен бастап Әлем бойындағы ерекше күшпен қоғамды зұлымдықтан, қауіп-қатерден қорғауға бел буады. «Желаяқ» жобасының идеясы өмірлік құндылықтарды жеткізуді көздейді. Біз бұл мультфильм арқылы жақсылық пен зұлымдықтың арасындағы күресті, ізгілік пен адалдықтың жеңісін, шынайы батылдықты көрсетуге тырыстық. Жобадағы ғылыми фантастика элементтері балалардың қиялын дамытуға көмектеседі. Жалпы алғанда, «Желаяқ» – қазақ мифологиясындағы оқиғ…

0
0
152

Курчатов қаласында бюджет, инвестиция және өнеркәсіп өндірісінің өсуі байқалуда

Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте Курчатов қаласының әкімі Болат Әбдіралиев 2025 жылдың I тоқсанындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер туралы мәлімдеді.Оның айтуынша, қалалық бюджеттің кіріс бөлігі 55%-ға артық орындалып, бюджетке 832 миллион теңге түскен. 2024 жылдың қорытындысы бойынша артық орындалу 30%-ды құраған, бұл тұрақты оң динамиканы көрсетеді.– Бұл көрсеткіштер қаланың тұрақты дамып келе жатқанын дәлелдейді. Курчатов өңірдің өнеркәсіптік және инвестициялық тартымды орталығы болып қала береді, – деді Әбдіралиев.Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 748 миллион теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда екі есе артты. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,1 миллиард теңгеге жетті. Алдыңғы қатарлы кәсіпорындар қатарында – Ұлттық ядролық орта…

0
0
106

Семейде қала бизнесінің өкілдерімен абаттандыру мәселесі талқыланды

2025 жылғы 29 сәуірде Семей қаласы әкімінің орынбасары Азамат Серікболұлы Сәлімбаев қаладағы кәсіпорын басшыларымен және ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.

Кеңес барысында бизнес нысандарының іргелес аумағын абаттандыру, тазалық сақтау және сыртқы келбетін жақсарту мәселелері көтерілді. Қала басшылығы тарапынан нысандарды тиісті жағдайда ұстауға қатысты нақты ұсыныстар мен бағыттар берілді.

Азамат Серікболұлы “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында бизнесті белсенділік танытуға шақырып, “Сыртқы келбет – бизнестің имиджы, қаланың көркеюіне үлкен септігін тигізеді. Өз ауламыздан бастайық!” – деп атап өтті.

Кездесу соңында кәсіпкерлер бұл бастаманы бірауыздан қолдап, бір ай ішінде өз нысандарының аумағын тәртіпке келтіретіндерін жеткізді.

0
0
144

Қазақ жерінің қилы тағдыры

Бүгінгі таңда, 1920 жылы құрылып, 1925 жылы бірігуі аяқталған Қазақ республикасының 1925-1936 жылдардағы жер көлемі мен қазақ халқының саны туралы нақты ғылыми зерттеу жұмысы жоқ.Олай деуге, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2000 жылдардың бірінші онжылдығында шығарған «Қазақстан тарихы» атты академиялық 5 томдықта берілген деректер мен сол ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында жарық көрген ресми еңбектердегі статистикалық мәліметтердің мүлдем сәйкес келмейтіні негіз болады. Біз, аталған институт ғалымдары шығарған академиялық 5 томдықтағы мәліметтердің дұрыстығына үлкен күмән келтіреміз және онда халық санының да, жер көлемінің де кемітіліп берілгені туралы мәлімдейміз.Бүгін осы мақаламызда халық санына қатысты емес, жеріміздің көлемі мен оны жырымдау тарихына қатысты тоқталат…

0
0
136

«Жетісу» волейболшы қыздары Азияның клубтық Чемпиондар лигасындағы тұңғыш алтын медалін иеленді

«Жетісу» Филиппин елінде волейболдан әйелдер командалары арасында өткен Азияның Чемпиондар лигасында топ жарды. Ақтық сында талдықорғандық спортшылар вьетнамдық «Бин Дьен Лонг» командасын 3:1 есебінен ұтып, өз тарихында тұңғыш рет Азия Чемпиондар лигасының алтын медаліне қол жеткізді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Еске салсақ, «Жетісу» командасы бұған дейін Азияның клубтық Чемпиондар лигасына тоғыз рет қатысып, екі мәрте – 2010 және 2013 жылдары күміс медаль алған болатын. Ал биылғы чемпионатта алтыннан алқа тағып, осылайша жетісулық команда алдағы қыркүйекте Таиландта өтетін клубтық Әлем чемпионатына жолдама алды.Атап өтсек, Азия Чемпиондар лигасына Қазақстан, Таиланд, Филиппин, Қытай, Вьетнам, Қытай, Гонконг, Иордания және Иранның үздік әйелдер клуб…

0
0
153