Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері өз резервистерін дайындауда

Ақтау қаласындағы ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің кіші мамандарды даярлау оқу орталығының базасында әскери міндеттілерді даярлаудың бір кезеңі аяқталды. Резервистерді даярлау автомобиль маманы, атқыш және басқа да жұмылдыру резервін толықтыруға қажетті мамандықтар бойынша жүруде. Жиынға 27-30 жас аралығындағы бұрын дәлелді себептермен әскери қызмет өткермеген 50 әскери міндетті тартылды. Олардың көпшілігі бухгалтерден бастап мектеп мұғаліміне дейінгі өз қызмет салаларының мамандары болып табылады. Бір ай ішінде жас жігіттер әскери істің әліпбиімен танысып, әскери техника мен қару-жарақтың материалдық бөлігін, оларды ұрыста қолдану тәсілдерін зерделейді, дене даярлығымен шұғылданады және барлық өткен пәндер бойынша сынақтар тапсырады. – Жалпы жұмылдыру резерві үшін әскери міндетт…

0
0
502

Сүйікті мекен: Куала Лумпур

Әлемдегі ең сүйікті мекеніңіз қандай? Бұл сұраққа әр адам әр түрлі жауап берер: біреулер салтанатты Парижге асықса, біреулер Лондонның жаңбырын армандайды, үшіншісі Бомбейді қызық көрсе, төртіншісі туған ауылын сағынып отырады. «Екпін» жобасы жазғы демалысты пайдаланып, оқырмандарының әлемдегі сүйікті мекендері жайында сұрастырып көрді. Садық Шерімбек: Куала Лумпур Өзім шетелге шыға бастағалы бері Еуропа немесе АҚШ-қа баруды ойланып көрмеппін. Көбінесе Азия елдеріне тартып тұрады. Азия елдерінің ішіндегі ең ұнаған және ең сүйікті болған қала – Куала Лумпур. Малайзия Корольдігінің астанасы! Қоғам. Шымкенттен алғашқы рет барған кезімде үйрену, әрине, қиын болды. Ол жаққа барған соң, өзіміз қатарлы білім алып жүрген қазақ жастарының қасына орналастым. Жалпы, көпшілік азамат шет елге шыққан к…

3
2
1557

Жұмасқалиевтің шыңы

«Тобыл» футбол клубының көшбасшысы, әрі бойтұмарына айналған аңыз капитаны Нұрбол Жұмасқалиев Қазақстан футболының тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды. «Тобыл« футбол клубының көшбасшысы, әрі бойтұмарына айналған аңыз капитаны Нұрбол ЖұмасқалиевҚазақстан футболының тарихындағы ең үздік сұрмергенатанды. Ел біріншілігінің 21-туры аясында »Жетісу» қақпасына гол соққан»Тобыл» капитаны Нұрбол Жұмасқалиев өзінің голдарының санын 148-гежеткізді. Бұл ел футболының тарихындағы жаңа рекорд. Бұған дейін аталмыш рекорд марқұм Олег Литвиненкоға тиесілі болатын. Оның да еншісінде 148 гол бар, бірақ біреуі кейін саналмай тасталған. Сонымен, Қазақстан футбол тарихының жаңа сұрмергені өзінің 148голының 10-ын »Астана» сапында ойнап жүріп соққан. Ал қалған голдарының барлығын «Тобыл» клубында ойнап жүрген…

0
0
390

Австралиялық боксшы Головкинмен жұдырықтасуға дайын екендігін айтты

Орташа салмақтағы IBF чемпионы австралиялық боксшы Дэниэл Гил осы салмақтағы WBA титулының иегері Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын екендігін айтты, деп хабарлады allboxing.ru порталына сілтеме жасай отырып Sports.kz.

«Мен 2001 жылы Осака қаласындағы Шығысазия ойындарында Головкинмен жұдырықтастым. Мен сол кезде нашар өнер көрсеткендіктен, ол мені ұпай бойынша жеңіп кетті. Оның жетістіктерімен қатар, кемшіліктері де бар. Қазір ол барлығын өз күшімен қорқытқанымен, мен онымен жекпе-жекке шығуға дайынмын. Головкинді жеңу үшін одан қорықпайтыныңды көрсету керек» — деді Гил.

 

«www.bnews.kz».

0
0
296

«Ертіс» ФК бас бапкері: Жігіттерге кінә артпаймын

«Широки Бриег» командасынан қарымта ойында 2:0 есебімен жеңіліп, Еуропа лигасының жарыс жолынан шығып қалған «Ертіс» командасының бас бапкері Талғат Байсуфинов өз шәкірттеріне кінә артпайтынын айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Біз тең дәрежеде ойнадық. Қарсыластарымыз тың, ал біз шаршаңқы болдық. Оларда чемпионат енді ғана басталып жатыр. Біз болсақ, соңғы 28 күннің ішінде 8 ойын өткіздік. Осы шаршаңқылық біздің жеңілуімізге әкеп соқты. Егер бірінші таймда біздің ойыншының соққан добы бағанаға тимей, қақпаға дарығанда ойын өрнегі өзгеше болар еді», – деді матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында Т. Байсуфинов. «Амал қанша, жанкүйерлерімізге италиялық командамен ойынды тарту етейік деген жоспарымыз орындалмады. Жігіттерге тағар кінәм жоқ, олар ба…

0
0
258

«Боруссия» неміс Суперкубогын иеленді

Әлем назарын өзіне аударған «Сигнал Идуна Парк» стадионы тартысты кездесудің жеңімпазын анықтады. «Боруссия д» мюнхендік «Баварияны» 4:2 есебімен жеңіп, неміс Суперкубогын иеленді. Осылайша Чемпиондар лигасының финалында жіберген есесінің орнын толтырғандай. Көптеген букмекерлік орталықтар Хосеп Гвардиола баптайтын мюнхендік команданың жеңіске жетуі мүмкін деген болатын. Алайда дортмундтық «Боруссия» барын салып, бұл маусымды жеңіспен бастады. Осылайша Юрген Клопп шәкірттері Германия Суперкубогын 4-ші рет иеленіп, «Бавариямен» теңесіп отыр. Кездесу соңынан Хосеп Гвардиола: « Біз бүгін жеңілдік. Меніңше шәкірттерім қарсыластарынан жақсы ойнады деп ойлаймын. «Боруссияны» жеңісімен құттықтаймын. Бір аптадан кейін басталатын бундеслиганың ойындарында бұл қателігімізді түзейміз» — деп мәлімдед…

0
0
250

«Шахтер» келесі кездесуін Астанада өткізетін болды

U-Ground Ultras фанаттар бірлестігі ұйымдастырған »Шахтер» үйде ойнауы керек» атты акция аяғына дейін жетпей тоқтатылды. Олар басшылыққа «қарағандылық клуб келесі матчын өз алаңында өткізуі керек» деп талап қойған болатын.

Айта кетейік, осыған дейін БАТЭ-ден басым түскен «Шахтер» клубы келесі мачтын Астанада өткізетіндігі жөнінде шешім қабылданған болатын. Оған себеп ретінде футбол басшылары «кеншілер» стадионының 1958 жылы салынғандығы және УЕФА чемпиондар Лигасы үшінші іріктеу матчын өткізу талаптарына сай келмейтіндігін айтып отыр.

Сонымен қарағандылық «Шахтер» келесі іріктеу матчын «Скендербеуге» қарсы 30-шілде күні «Астана-Аренада» өткізбек. Ал қарымта ойын 6-тамызда Албания астанасы Тиранада болады.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz

0
0
355

Бекіре тұқымдас балықтардың шабақтары Жайық өзеніне жіберілді

2013 жылдың 25 шілдесінде «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК табиғи мекендеу ортасына Жайық өзеніне 1,6 млн. дана мөлшерінде шоқыр шабақтарын жіберу жүзеге асырды.

Ағымдағы жылдың 26 шілдесінде «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» РМҚК өсіру тоғандарынан бекіре тұқымдас балық шабақтарының екінші легін Жайық өзеніне жіберді.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/07/3126-118/

0
0
224

Мөлдір махаббат

Адам ағзасы қызық қой. Әдетте жарты тәулік бойы көз ашпастай,рахаттана, қор ете уйықтайтын мен ұйқы дегенді тіпті ұмытқан екем.Тәулігіне екі-ақ сағат көз шырымын аламын,оның өзі түс мезілінде болады. Түні бойы көз ілмей, қараңғылыққа үңіле ,азан шақырылып ,таң атқанша көзім бадырайып, жалғысырап,басымды ойлаудан шаршатып жата беруді әдетке айналдырып алыппын.Бүгін түнде қолыма Сәбит Мұқановтың "Мөлдір махаббатын" алдым да, соңына дейін оқып бітіруге бел будым.Столдағы шамды қосып ,кітаптан көз алмадым. "Жарайды, ертең-ақ оқып бітермін,"-деп, жаба қоятын кітап емес.Соңына қарай кітаптағы оқиғалар одан әрі қызуланып,қызықтай тусіп, мен немен бітерін білуге құмарланып,өқып бітіргенше асық болдым. Солай отырып түнді өткіздім де,кітапты жауып,шамды өшірсем үйдің іші жап-жарық. Сағатқа қарасам…

1
0
1095

Домбыра Party халықтың сүйікті шарасына айналып келеді

Астана қаласында болып жатқан Домбыра Partyде түсірілген фото. Блогерлердің ұйымдастыруынан бастау алған осы шара халықтың апта сайын күтетін жиынына айналды. Осы аптадағы Домбыра Party қонағы - Сон Паскаль. Домбыра тарта алатын кез келген жан Домбыра Party қатысушысы бола алады :-) Домбыра Party ұйымдастырушыларының бірі - Алмас Алтай апта сайын әуелетіп ән шырқайды. Қыздар тіпті әннің мәтінін қағазға түсіріп әкеліпті. Дайындық мықты! :) Маралбек пен Алмас әр бейсенбі сайын ән айтып, кәсіби әншінің дәрежесіне көтеріледі, бұйырса :) Ай, масалардың жаны кіретін болды-ау, осынша адамды көргенде :) Бірақ, оған қарап жатқан халық жоқ, ән тыңдап, құлақ құрышын қандыруда. Әр бейсенбі сайын Нұржол аллеясында кешкі сағат 20:00де домбыраның күмбірін тыңдауға келіңіз! Біз әр аптада болатын Домбыра…

1
2
1272