Футбол: Оралдың «Ақжайығы» тағы да 2:2 есебімен тең ойнады
24 тамыз күні премьер-лига командалары арасында футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті турында Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында Өскеменнің «Востогын» қабылдады. Сербиялық маман Любко Петрович жаттықтыратын батысқазақстандықтардан ойынның 25-минутында чехиялық легионер Павел Черны есеп ашты. Бірінші таймның соңғы сәттерінде «Востоктан» өткен жылғы маусымда «Ақжайық» сапында доп тепкен Вячеслав Эрбес есепті теңестірсе, ойынның екінші кезеңінде 58-минутта Сергей Костюк өскемендіктерді алға шығарды. Дегенмен 65-минутта «Ақжайықтың» құрамындағы камерундық легионер Саджо Хаман таразы басын қайта тең қылды. «Ақжайық» өткен турда Атырауда да 2:2 есебімен тең ойнаған еді. 30 тамызда әлі де соңғы орында келе жатқан оралдықтар Таразда жергілікті командамен күш сынасады. Осы турда Талдықорғанда «Жет…
