Қорғалжын - хандар мекені
Қорғалжын - хандар мекені!Осы уақытқа дейін бас қалада тұрсам да Қорғалжын туралы көп білмейді екенмін.Бірақ, астанамыздан 130 шақырымдағы Қорғалжын кентінің пайда болуын Кеңес кезеңіне жатады десек те, мен сияқты тарихтан хабары бар адамдар біраз жайтты бағамдайды!Бірінші, кентке кіре берістегі трассадан 1-2 шақырым қашықтықтағы Бытығай кешені. Оны көрген кезде менде екі ассоциация болды. Ол - кешен ғана емес, қала жұртының орны екенін анық сездім және Түркістан облысындағы Созақ кентіндегі Созақ қаласының орнын еске түсіреді екен. Созақ пен Бытығайдың тағдыры ұқсас па дедім, екеуі де әлі бағаланбай отыр, дегенмен, қазақ тарихында алатын орындары ерекше. Жалпы, біз Бытығай туралы айтқанда Бозоқ, Жұмай қала жұрттарымен шамалас, бір өңірде орналасқандығы туралы айтуымыз керек. Ал, нақты Бы…