Озбырлықты, мизантропияны және милитаризмді насихаттауға берік тосқауыл қалай қоюға болады?
A+Analytics ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Фархад Қасеновтың «Қазақстанның ақпараттық егемендігі: тәуелсіздікке бастаған қадам» деп аталатын сарапшылардың дөңгелек үстелінде сөйлеген сөзінің тезистері (15 қыркүйек, 2022 жыл, Алматы, Қазақстан).«Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл болды. Бірақ өкінішке қарай, еліміздің ақпарат саласы осы тәуелсіздікті біз қалағандай сезінген жоқ. Оның ілгері жылжымағанын мойындауымыз керек.Бұған көптеген дәлелдер бар. Мысалы, 2019 жылдан бастап біздің орталық отандық және шетелдік, оның ішінде қазақстандық басқа да теледидардағы контенттің пайыздық үлесіне зерттеу жүргізіді. Нәтижесінде теріс дисбаланс (теңгерімсіздік) бар екенін байқады. Бұл көрсеткіш әлі күнге дейін сақталып келеді. Жойылған жоқ»."Қазақстандық ақпараттық өріс әлі де сыртқы факторға тым қа…