Құс бағушы Евгения
Арманы үлкен құс фабрикасын ашу. Әзірше, өз ауласындағы сарайда бағып отырған құс еті және жұмыртқасымен ақтөбеліктерді бағып келеді.Сауданы бала кезден үйренгенЕвгения Макаревич Ақтөбеден 52 шақырымдағы Алға қаласына Қарағандыдан 6 жасында көшіп келді. Анасының туған өлкесі осы жер еді.Мектеп бітірген соң училищеге оқуға түсті, КИПиА – бақылау-өлшеу аспаптары және жабдықтар слесарі болды. Көптеген алғалықтар секілді жергілікті химиялық зауытқа жұмысқа орналасты. Бірақ, 90-жылдар болғандықтан, кезінде бүкіл Одаққа танымал болған зауыт жабылып қалды. Евгения Макаревич училищені үздік бітіргендіктен институтқа жолдама алды.«Оқуға бармадым. Зауыт жабылып және жұмыс жоқ кезде оқып не қыламын ? Және отбасымда бес баланың үлкені болғандықтан кішілерге көмектесуім керек болды. Осылайша саудагер…

