«AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалының атқарушы хатшысы М.Ибраев тікелей эфирде болды
«AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев партияның кезектен тыс ХХIV Съезіне қатысты. Съез 6 қазан күні Астана қаласында өтті. Съез барысында мемлекет алдында тұрған ұлы мақсат-мұраттарға қол жеткізу үшін лайықты көшбасшы, Президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты бір ауыздан 1200-ден астам шақырылған қонақтар мен делегаттар қолдағанын, екіншіден, партияның жаңа Саяси тұғырнамасы бекітілгенін айтып, тұғырнаманың басты бағыттарын атап өтті. Сонымен қатар, Халықтық Коалиция құрылған Форумға қатысқаны туралы баяндады.
Толығырақ өзінің іс-сапары жөнінде жеке парақшасындағы тікелей эфирде бөлісті. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=831853491504604&id=100003278114857
#AMANATpartiyasy
