ХАЛЫҚТЫҚ КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ ЕЛ АЗАМАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІАқпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/add
Ораңғай ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге қоғамдық штаб мүшелері Ә.Кеңес, З.Чалданов, Н.Атаева, С.Асылбеков, Қ.Сапаров, Е.Мұстапаев, Ж.Досманов мен Г.Үстемір қатысты. Жиында сөз алған сенімді өкілдер кандидаттың әділдік және өрлеу қағидаттарына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, сайлауалды бағдарламадағы ауылдық жерлерді кешенді дамыту тұжырымдасымен таныстырып, Қ.Тоқаевтың стратегиялары Қазақстанды дамытуды көздейтінін жеткізді. Және де азаматтарды біртұтас алдағы науқанға белсене атсалысуға шақырды. Ал созақтық сенімді өкілдер М.Жұмаханұлы, Б.Бейімбетұлы мен Е.Сағындық №14 Тәкен Әлімқұлов атындағы мектеп-интернат лицейінің ұжымымен жүздесті. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары мен маңыздылығы айтылды. - Кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайл…