Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Штаб мүшелері Қырқопа аулының тұрғындарымен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық штаб мүшелері Қырқопа ауылы тұрғындарымен кездесті.

Штаб төрағасы Т.Жанболатов жиынға қатысушыларды қоғамдағы бірлікті сақтауға, сайлауға белсенді қатысуға және сол арқылы азаматтық белсенділікті қолдауға және еліміздің жаңару бағытын қолдауға шақырды.

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомар Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, ауылдарды дамытуға, ауылдық аумақтарды сақтауға, жерді мақсатты пайдалануға, пайдаланылмаған жерлерді қайтаруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға ерекше назар аударылды. Жастар еліміздің болашағы, мемлекет барлық жас азаматтардың өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау үшін жұмысты жалғастырады. Біз кем дегенде 2,3 миллион жасты жұмысқа орналастырамыз деп президенттікке үміткер Қ.Тоқаев өз сайлауалды бағдарламасын таныстырды штаб мүшесі З.Жардемова. Басқада штаб мүшелері өз ойларын айтып жауапты сәттен тыс қалмай, саяси науқанда дұрыс таңдау жасауға шақырды.

#Toqaev2022

1
0
234

Осы тақырып бойынша

Штаб мүшелері Қырқопа аулының тұрғындарымен кездесті - Yvision.kz