«Пана» – жеке баспанасы жоқтарға арналған бағдарлама
Бірақ қаңғыруды ұнататындар да көп. Айта кетер жайт, ондай адамдар әлемнің ең озық елдерінде де көп2000 жылдан бері олармен Алматыда қалалық әкімдіктің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Пана» әлеуметтік бейімделу орталығы жұмыс істейді. Оның 56 қызметкері бар, жобалық қуаты - бір мезгілде 180 адамды құрайды. Жыл басынан бері 800-ден астам адамға көмек көрсетілдіӨмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар және тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдар осы әлеуметтік бейімделу орталығында жеткілікті және қолайлы жағдайда уақытша тұра аладыОрталық тұрғынының мысалға алған оқиғамыз: 72 жастағы зейнеткер Л.Л., Израильге тұруға кеткен жалғыз қызының «арқасында» 2020 жылдың басында осы орталыққа түсті. Анасы түрмеде жазасын өтеп жатканда қызы жалғыз пәтерін сатып жіберген. Мүл…