Жастар ұйымдары сайлау қорытындысына қолдау білдірді
Сайлауалды штабта БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры ұйымдастырылды.
📷«Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев Халықтық коалициядағы жастар блогының қызметін егжей-тегжейлі түсіндірді.
📷«7,5 мыңнан астам белсенді 3 млн-нан астам үгіт-насихат материалын таратты. Олар тек үнпарақ таратып қана қоймай, «Есіктен есікке» акциясына, сайлаушылармен өткен экспромт-кездесулерге, азаматтардың ұсыныстары мен тілектерін қабылдау ісіне атсалысты», - деді ол.
📷Ұлттық волонтерлер желісінің төрағасы, Мәжілістегі «AMANAT» партиясының депутаты Вера Кимнің пікірінше, сайлау нәтижесі Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалар бағытына жалпыхалықтық қолдау бар екенін дәлелдейді.
📷«Кандидаттың сайлауалды бағдарламасының негізгі мақсаты – халықтың өмір сапасын жақсарту. Әділеттілік қағидатына сәйкес, мәртебесіне, жынысына немесе жасына қарамастан, қазақстандықтар тең мүмкіндіктер мен құқықтарға ие болуы тиіс. Сайлау қорытындысы халық Президентті қолдайтынын көрсетті», – деді халық қалаулысы.
📷Олимпиада чемпионы, ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас хатшысының орынбасары Серік Сәпиев спортшылар қауымдастығының ұстанымын жеткізді.
📷«Біз Қуатты әрі Әділетті Қазақстан үшін дауыс бердік. Сайлау учаскесіне келген әрбір адам өзінің азаматтық парызын өтеп қана қоймай, ел болашағы үшін таңдау жасады деп ойлаймын.», – деді ол.
📷Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәлі алдағы 7 жылда жастар мемлекет құру ісіне елеулі үлес қосады деп отыр.
📷«AMANAT» партиясы Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары Динара Сәдуақасова сайлаушылардың ұсынысы мен тілегіне назар аударды. Үгіт-насихат науқаны барысында 40 мыңнан астам осындай ұсыныс-тілек келіп түсті.
t.me/AMANATPartiyasy
