Мазмұнға өту

Жаңа

Бүгін

Адамның бәрі жұлдыз, бірақ жарқырап жану бәрінің қолынан келмейді.
Мэрилин Монро

1
0
282

Мақалға терең үңілсек

Қол бұлғады

«Сұмырай келсе, су құриды» деуші еді,

Соның шынға айналғаны-ау бұл-дағы.

Әрбір үйге су беретін құбырлар,

Қыс түспей-ақ «құрғады».

Сұғанақтар қаражатты жымқырған,

Көп кешікпей түрмеден қол бұлғады.

 

Аузы-мұрты

«Қоя жесең қой қалар,

Тарта жесең тай қалар»

Бүйте берсең аштан қатып,

Артыңда мал, жай қалар.

Қатыныңды біреу құшып,

Іріккеніңді ұрттап ішіп,

Аузы-мұрты майланар.

 

Бар арман

Жұмыр басты пендеңіз,

Ішіп-жеуге жаралған.

Сондықтан да жемқорлық,

Қан тамырдай таралған.

-Қорықпайсыз ба дегенмен,

Құрылар деп тор алдан?

-Оны ойлауға уақыт жоқ,

Молырақ қарпу бар арман.

Қайқайды

– Ұрлық жасап байығанды көрмедім.

- Ал өзіңіз...

– Өй, ант атқыр...

Бар болғаны ермегім.

 

Сүлеймен Баязитов

0
0
440

Дүрліктірді төңіректі

(Сықақ)

 

– Мына көрші ауылда

Мал құлағы саңырау...

Кешегі қатты дауылда

Жеті үй жанып ...

-Жаным-ау!

Тіптен дымы қалмапты,

Шиеттей-шиеттей үш баланы

Өрт ұшқыны жалмап кетті

Деген келінін

Енесі бір сәт ірікті.

– Өтірік екен, әй, мұның,

Көрші анығын біліпті.

Тек, әттең,

Өтірік өсек

Елден елді шарлап кетті.

Ұзын құлақ былай қалып,

Интернет, БАҚ біткен зарлап кетті.

Ауылдан шалғайда  жүргендер,

Бұл хабарды естіп білгендер,

Жүректері нашарлары талып қалды.

О, дүниенің

Есігіне емініп барып қалды.

Дәрігелер дәрі беріп, ине салып,

Аман алып қалды.

Естерін жиған соң,

Білмек боп барып халді,

Жер түбінен келіп жетті.

Осылай

Өтірік- өсек пәлеңіз,

Жұрттың

Біразын еңіретті,

Дүрліктірді төңіректі.

 

Сүлеймен Баязитов

-1
0
417

Ерлан Қариннің Атамбаевқа қатысты айтары бар

Саясаттанушы Ерлан Қарин Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаевтың сөздеріне байланысты өзінің пікірін фейсбуктегі парақшасы арқылы білдірді,— деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. «Қырғыз президентінің бүгінгі мәлімдемесі Қазақстан және оның басшылары атына күйе жағу әрекеттерін жалғастырды. Өкінішке орай, атқа кір келтіру әрекеттері күшейіп келеді. Соңғы күндері айтылған сындар ұйымдастыру сипатына ие болып, оған зиялы қауым өкілдері қосылды», — деп жазады Ерлан Қарин. «Алайда қазақстандық ақпарат алаңда мұндай арандатушылық немесе тапсырыспен жазылған ақпараттарға жауап болған жоқ. Бұл дұрыс та, өйткені қандай да бір арандатушылықтарға бару жақсылыққа апармасы анық. Біздің елде мемлекетаралық қарым-қатынас бір сәттік ғана саяси міндеттерден әрқашан жоғары қойылып кел…

0
0
394

Ас атқанға тас атқан Атамбаев!

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев мемлекеттік сыйлықты тапсыру рәсімінде Қырғызстанға "қазақстандық билік таңып отырған" жетекшілер жайлы пікір айтқан. Бұған қатысты ҚР СІМ мәлімдеме жасады. Qamshy.kz ақпарат агенттігі де ҚР Президенті Алмазбек Атамбаевтың сөзіне қатысты өз наразылығын білдіреді. «Қырғыз қазақ бір туған» деген сөз бар. Қазақстан мен Қырғызстан ежелден бауырлас әрі көршілес ел. Көршісіне қамқор болып үйренген қазақ халқы Қырғызстанға талай көмек көрсетті. «Оң қолың бергенді, сол қолың білмесін» деген де сөз бар. Алайда бұл тұста үнсіз қалу мүмкін емес. Себебі ас бергенге таспен ату адамшылыққа жат. Осыдан бір жыл бұрын-ақ Қазақстан Қырғызстанға техникалық көмек ретінде 100 млн. доллар берді. Бұл қаржы бақылау-өткізу бекеттеріндегі жағдайды жақсарту және ЕАЭО талаптар…

0
0
547

«12-қазанда ақырзаман болады деген рас па?». Ғалымдар шындықты айтты

Жер астероидтар шеңберіне кірді. Біреуі Жерге соқтығыспай өте шықты. Ендігі қауіптісі 12-қазанда жақындайды. Бұл туралы NASA және ЕҒА-ға сілтеме жасап, шетелдік БАҚ-тар шуласа жазып жатыр. Ғалымдар «2012 TC4» астероиды біздің ғаламшар үшін аса қауіпті екенін айтады. Алдын ала есептеулерге қарағанда, 12 қазан күні аталған аспан денесі Жерден 43 мың километр қашықтықтан өтеді. Бұл Айға дейінгі қашықтықтың сегізден бір бөлігі деген сөз. Бұдан тыс, Жердің астероидтар шеңберінде қозғалу барысында ұсақ аспан денелерінің бірі атмосфераға құлау ықтималы жоғарылайды. Ғалымдардың айтуынша, астероид Жермен соқтығысса түрлі табиғи апатты туғызады. Жер сілкінісінен бастап вулкандардың атқылауына дейін. Ал Жерге жақындап қалған астероидты алатын болсақ, оның Жер шарын жарып жіберуге қауқары шамалы екен…

1
1
608

Назарбаев Сыр өңірінде

Қазақстан Президенті Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында әйгілі ойшыл, ұлы қобызшы Қорқыт Атаға арналған сәулет кешенін аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысына мемориалды кешенде жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесі жөнінде баяндалды. Мұнда салтанатты іс-шаралар өткізетін алаң жасалып, орталық аллеяда жаяу жүргіншілерге арналған қосымша жол салынған, сондай-ақ монумент маңы абаттандырылған.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа әкімшілік ғимаратты және «Қасиетті арқар» атты мүсінді көрді.

Бұдан бөлек, Елбасы кешендегі музейде Қорқыт Атаның өмірі мен мұрасына арналған сирек экспонаттармен танысты.

 

"ҰЛТ" хабарлайды

0
0
299

Фаузия Шәмсиқызы: Қазіргі жастар өз ойларын дұрыс жазып жеткізе алмайды

6 қазанда Алматы қаласында Тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік басқармасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес және Басқарманың 2017 жылға арналған жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен бірге «Рухани жаңғыру жағдайында жоғары білім жүйесінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мәселелері» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. Бүгінгі іс-шара қазақ тілінің қолданылуын дамыту, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында өткізілді. Ғылыми-тәжірибелік конференцияның негізгі міндеті – мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелеріне, осы саладағы озық іс-тәжірибеле…

0
0
624

Есімов анти-дағдарыс менеджері!

"Абай" ақпараттық интернет порталының ақпаратына қарағанда, расында осындай мәлеметті көруге болады. Сенбесеңіз, міне оқыңыз Астана ЭКСПО-2017 компаниясындағы Есімовтің рөлі туралы жазбақпыз. Жақында «Время» басылымы Ахметжан Есімовтің саяси карьерасындағы өзге де жұмыстарға шолу жасап, экс-әкімнің басқа да лауазымды қызметтерде тығырықтан жол тапқан, анти-дағдарыс менеджерлігін атап өтіпті. Біз де Ахметжан Есімовтің елеулі істеріне аз-кем шолу жасап көрдік. Ахметжан Смағұлұлы Президенттің тағайындауымен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясын басқарды. Ең қызығы ол көрменің өтуіне 21 ай уақыт қалғанда басшылыққа келді. Сол кезде саяси скептиктер мен оппонеттер тарапы Ахметжан Есімовтің ісіне күмәнмен қараса, онымен істес болған азаматтар мүлде бөлек пікірде еді. Ахметжан Смағұлұлы – ауылш…

1
0
868

Тыныш ақырын ғана Қытай колониясына айналу!

Назарбаев пен Қытай арасындағы келісімге байланысты қытай инвесторларына 5 жыл уақыт көлемінде өнеркәсіп заводтарының қажеттілігіне қазақ елді мекендерінен 3-5 км алысырақ жерден жер беріледі. Өйткені аңқау қазақ қытайлардың қалай көбейіп жатқанын байқамай аңдамай қалсын деген ниетпен 51 завод пен өнеркәсіп орындарындағы жұмыс жасайтын жұмыскерлер саны да жасырын құпия ұсталынатын болады. Қытай заводтары мен өнеркәсіп орындары ашылса олар өз аспазшысынан бастап тек өз мамандарын алып келетіні айдан анық. Олар үшін тұратын жатақхана ,мектеп, больница, поликлиника және дүкендер ойын сауық орталықтары салынады. Солай қытай Чайнатаундары көбейеді. Қазахстанда туылған қытай балалары Қазахстан азаматтығын алып өседі.Қытай азаматтары Қазақ қыздарына саналы түрде үйленіп көбею жоспарын жүзеге асы…

0
0
707