Мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесі Ақтөбе облысына барды
✅Ақтөбе облысында партияның мобильді қоғамдық қабылдауы Байғанин ауданының екі ауылында болды. Мұнда бір күн ішінде 40 азамат өздерін мазалаған мәселелерді ортаға салды.🗣«Ұлыммен, келініммен бірге тұрамын. 3 немерем бар. Көгілдір отынның қызығын көргенімізге екі жыл болды. Ал бүгін Қораши елді-мекені тұрғындарының ауылға газ тарту, Көлтабан мен Қорашиді жалғайтын жолды жөндеу туралы өтінішін жеткізіп отырмын. Онда 400-ге жуық адам тұрады. Болашағы бар ауыл», – деді Жарлы ауылының тұрғыны Нұрлыбек Оразалин.💬Ал Ебейті ауылының тұрғыны Аманғали Жалдыбекұлы Ақтөбе-Астрахань трассасынан ауылға дейін алып баратын көтерме жолға асфальт төсеу жұмысын жеделдетуді сұрап отыр.🗣«Мен осында туып-өстім. 40 жыл мұғалім болып жұмыс істедім. Қазір зейнеткермін. Жасым 82-де. Ауылымыз үшін аса қажетті дү…