Назарбаев Қазақстан мен Ресей ғалымдарының ғылыми консорциумын құруды ұсынды
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Челябинскідегі Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығының XIV Форумы барысында бірыңғай интеграцияланған еуразиялық электронды еңбек биржасын құру мәселесін және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін шешуді жеделдету қажеттігін жариялады. «ЕурАзЭҚ шеңберінде біз жалпы еңбек нарығын құру туралы шешім қабылдадық. Оның тиімділігін арттыру үшін қызметкерлердің білімдері, дағдылары үшін талаптарды және біліктілікті біріктіру қажет. Қазақстан еуропалық модельге негізделген ұлттық біліктілік жүйесін енгізуді бастады. Бірыңғай кәсіптер тізімі жасалды, білімнің жаңа жіктеушісі енгізіледі және кәсіптік стандарттар әзірленеді», - деді Президент. Назарбаев атап өткендей, Қазақстан мен Ресейдің үкіметтері осы жұмысты үйлестіру және си…