Алты қазақстандық журналист Брюссельге тренингке барады
Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі «Қазмедиа» медиа мектебімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс министрлігінің қолдауымен қазақстандық журналистерге арналған кәсіби халықаралық тренингке «ЕО-Қазақстан: Серіктестік және ынтымақтастықтың 25 жылы» атты конкурс жариялады. Байқау Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы қатынастарды кеңейтуге және нығайтуға, ашық диалогты қалыптастыруға және Қазақстанның БАҚ-да Еуропалық Одақ туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған.Өтінімдерді қабылдау осы жылдың 2 сәуірінен 31 мамырына дейін жүргізілді. Байқау кезеңінде БАҚ өкілдерінен 32 жұмыс Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың өзекті аспектілеріне арнал…