Мазмұнға өту

Жаңа

Аудандық партияның кезектен тыс ХХХVІІІ конференциясы өтті

Оған партия ардагерлері мен белсенділері, аудандық мәслихаттың VІІ шақырылым депутаттары, бастауыш партия ұйымының төрағасы мен «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері қатысты, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.Конференция жұмысын аудандық партия филиалының төрағасы Қаныбек Айтжанов ашып, жүргізді. Күн тәртібіне «AMANAT» партиясы Қарасай ауданында бір мандатты округтер бойынша кандидаттардың тізімі мен партияның Алматы облыстық филиалының кезекті ХХХІІ конференциясына қатысатын 12 делегаттың тізімімен таныстыру сияқты мәселелер қаралды.Екі мәселе бойынша да Қаныбек Құлжабайұлы сөз сөйлеп, жиынға қатысып отырғандарды бір мандатты округтер бойынша кандидаттар мен облыстық конференцияға қатысатын делегаттар тізімімен таныстырып өтті. Ұсынылған үміткерлер делегаттар тарапынан бірден…

0
0
271

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының 2021-2022 жылдар аралығындағы жетістіктері

📷 Өңірлік партияның баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде ауыл мектептерінің 90,9 пайызы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілді. 2021-2022 жылдары 92 933 бала балабақшаға бару мүмкіндігіне ие болды. Облыс мектептерінде 768 мұғалім жұмысқа қабылданды. #AMANAT @amanat_almaty_oblysy

0
0
246

«AMANAT» партиясы Сырым аудандық филиалының кезектен тыс XLI конференциясы өтті

Конференция жұмысына партия филиалына қарасты 17 бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар, жастар өкілдері және БАҚ өкілдері қатынасты.

Бір мандатты округтер бойынша Сырым аудандық маслихатына партия атынан 11 кандидат ұсынылып, конференция делегаттары тарапынан қолдау тапты.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІІ конференциясына құрамы бес адамнан тұратын делегаттар сайланды.

0
0
299

Алматыда ауадағы азот диоксидінің деңгейі нормадан 2,6 есеге артады

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел екпіні 5 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 7-9 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 0-2 градусқа дейін көтеріледі. 30 қаңтарда, 31 қаңтарға қараған түні метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы, қалада ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтіледі. Ауадағы артық азот диоксиді 2,6 есе, PM2,5 бөлшектері - 3,3 есе болады.

PM2,5 - бұл құрамына қатты микробөлшектер де, ұсақ сұйық тамшылар да кіретін ауаны ластаушы зат. Ірі бөлшектерден айырмашылығы, олар биологиялық кедергілерді жеңе отырып, денеге енеді, сондықтан адам денсаулығына қауіп төндіреді.

Сонымен қатар, үш қалада – Қостанай, Қарағанды ​​және Ақтөбеде ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтіледі.

0
0
446

Балалық шағымыздың жазушысы - Марат Қабанбай

Аса құнды туындылар жазып, бала әдебиеті мол қазына қалдырған – Марат Қабанбай Қазақстан Жазушылар одағының М. Әуезов атындағы сыйлығының иегері, сондай-ақ бірталай дәрежелі сыйлықтарына ие болған қайталанбас тұлға.Жазушының дарынын ашып, талантын шыңдаған «Арыстан, виоленчель, мен және қасапхана» хикаяты «Детская литература» баспасынан жарық көрді. Одан әрі Еуропа оқырмандарының назарына ілікті. Германияда «Қарлы құйын» деген атпен неміс тілінде жарық көрді. Асыл мен жасықтың ара жігін жазбай танитын Батыс жұрты құм ішінен алтынды сүзіп алды. Сөйтіп, бұл шығармаға зор ықылас танытып, балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік хикаят ретінде халықаралық Г. Х. Андерсен атындағы сыйлық берілді. Шындығына жүгінсек, Марат Қабанбай мұндай мәртебелі сыйлықты иемденген берісі қазақ, арысы исі тү…

0
0
838

Жаңа кітап – жаңа әлем = Открой книгу - открой Казахстан: электронная выставка

2021 жылы кітапханада Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Үздік әдеби шығармалардың республикалық байқауы бастау алған болатын. Байқауға еліміздің түпкір-түпкірінен көптеген жазушылар қатысты. Айта кететін болсақ, Әлібек Байбол, Қанат Қайым, Ксения Земскова және қостанайлық жазушы Александра Суслова. Ұсынынып отырған «Жаңа кітап – жаңа әлем» атты кітап көрмемізде 2021 жылы байқауға қатысқан барлық автор - финалистерімен және байқаудың нәтижесі – «Таза бұлақ» жинағымен таныса аласыздар. Бірінші маусымның жеңімпазы - Көкшетау қаласының тумасы Дана Жантемірова. В 2021 году в библиотеке стартовал республиканский конкурс на лучшее литературное произведение для детей и подростков имени Ибрая Алтынсарина. В нём приняли участие многие писатели со всей страны: Алибек Ба…

0
0
833

17110 гектар жер учаскесі қайтарылды

Аудандық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясы жергілікті жауапты мекемелермен бірлесе отырып, өткен 2022 жылы жер учаскелерін мақсатсыз пайдаланған 27 шаруа қожалығынан барлығы 17110 гектар жер учаскесін (жайылымдық – 12117 гектар, шабындық – 1800.0 гектар, егістік– 3155.0) анықтап, мемлекет меншігіне қайтарып отыр. Сонымен қатар 8 жер пайдаланушыға қатысты 5125 га ауылшаруашылығы жерлерін пайлаланудың заңдылығы бойынша тексеріс жүргізу үшін облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жолдап отыр. Жалпы партия филиалы жанындағы комиссияның басты мақсаты пайдаланылмай бос жатқан жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару процесін қоғамға ашық ету немесе ел игілігі үшін тиімді де мақсатты пайдалануды жүзеге асыру бойынша насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады.Жуырда комиссиясының ба…

0
0
337

"AMANAT" партиясы Қарасай аудандық мәслихаттың экс-депутаттары тікелей эфир өткізді

Өңірлерде VII шақырылым депутаттарының екі жылда атқарған жұмыстары бойынша есеп беру кездесулері бастау алды.

Осы орайда бүгінгі күні "AMANAT" партиясы Қарасай аудандық мәслихаттың экс-депутаттары Қаныбек Айтжанов және Бекжан Сүнбеков партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы және атқарған жұмыстары туралы есебін берді.

0
0
271

«Bastau» мемлекеттік қызмет мектебінің тыңдаушыларына кезекті дәріс өткізілді

Заманауи мемлекеттік қызметші стресске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, парасаттылық, жеделділік сияқты құзыреттерге ие болуы, яғни бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Бүгін «Bastau» мемлекеттік қызмет мектебінің базасында психология магистрі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалының оқытушысы Негметжанова Мариям Қадырқызы болашақ мемлекеттік қызметшілерге «Өз өзімізге жол ашу» тақырыбында қызықты әрі танымдық тренинг өткізді. Студенттер үшін бұл өз құзыреттерін дамыту үшін жаңа және қажетті білім. Мемлекеттік қызмет мектебі – жас мамандарға, жоғары оқу орындарының түлектеріне, өмірін мемлекеттік қызметпен байланыстырғысы келетін жаңа ұрпақтың болашағы зор өкілдеріне арналған жоба.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агентт…

0
0
475