Көлік алуға ақшаны қалай жинау керек?
Қазіргі заманда шетелдік автокөлік міну деген «қалталы адам» немесе «кредиті бар адам» деген ұғыммен бір дәрежеде жүретіні белгілі. Бірақ қандай болмасын көлік ол біріншіден — шығын, екіншіден – шығын және шығын екені белгілі. Әсіресе ол шетелдік «тұлпар» болса. Сатып алу, жанармай, жөндеу – бәрі удай қымбат. Негізі бұл дабыра қылатындай дүние емес. Себебі қазіргі уақытта орташа жалақы алатын кез келген адам өзіне көлік сатып ала алады. Сонымен, «Көлікке апарар жол»: 1. Алдымен сізге көлік не үшін керек? Егер сіздің отбасыңызда адам көп болса, апта сайын демалыс орнына барып тұратын болсаңыз, саяхатқа шығу жоспарыңызда болса онда әңгіме басқаша. Бұл жағдайда ең жақсы шешім — жол талғамайтын көлік сатып алу. Ол бүгінгі таңда қымбат тұрады, бірақ несиеге алуыңызға болады немесе пайдаланылға…