Мазмұнға өту

Жаңа

✍️Белгілі ақын Алмас Ахметбекұлының «AMANAT»-тың кезектен тыс XXV Съезінде сөйлеген сөзінен:

«Бізге жаңа рухани саясат керек. Руханият – ол ұлттық қауіпсіздіктің бірден бір негізі. Жаңа руханияттың саясаты ұлттың түбегейлі мүдделерімен сай болуы тиіс. Тіл, ұлт сипаты, әдебиет, өнер, қоғамдық сана, осылардың барлығына жаңаша көзқарас қажет. Барлық азаматымыз мойын ұсынатын рухани құндылығымыздың ұйтқысын жасауымыз керек. Ал оны кім жасай алады?! Әрине, БІЗ! Ең үлкен ұлттық саяси күш – «AMANAT» партиясы жасайды. Ең берік қорған ол – ұлттың руханияты. Біз Қазақстанның гүлденуіне – мәңгілік болашағына шынайы мүдделі адамдарды азат Отан топырағына топтастыра түсуіміз керек».

0
0
306

Ауыл – бәрімізді тербеткен бесігіміз!

«Егер біз, әділ мемлекет, әділ экономика, әділ қоғам құрамыз десек, онда ең бірінші ауылды аяғынан тұрғызуымыз қажет. Әділдік сонда ғана болады! Ауыл – бәрімізді тербеткен бесігіміз! Жердің киесі мен Елдің иесінің қаншалықты маңызды екенін «AMANAT» партиясы өте жақсы түсінеді және соған қызмет етеді. Ұлттық болмысымызды сақтаудың, халқымызды тарыдай шашып алмаудың бір жолы – ол ауылдардың инфрақұрылымын дамыту. Осы мақсатты іске асыру үшін «AMANAT» партиясы алдағы бес жылда жүйелі жұмыс істейді. Бәріміздің мойнымызда үлкен парыз бен қарыз бар, ол ауылды көркейту. Ауылды ұмытпайық! Жүректерімізде де, ойларымызда да «Ауыл» деген сөз, тасқа ойылған ою құсап тұрсын!»

t.me/AMANATPartiyasy

0
0
247