Мазмұнға өту

Жаңа

✍️Белгілі ақын Алмас Ахметбекұлының «AMANAT»-тың кезектен тыс XXV Съезінде сөйлеген сөзінен:

«Бізге жаңа рухани саясат керек. Руханият – ол ұлттық қауіпсіздіктің бірден бір негізі. Жаңа руханияттың саясаты ұлттың түбегейлі мүдделерімен сай болуы тиіс. Тіл, ұлт сипаты, әдебиет, өнер, қоғамдық сана, осылардың барлығына жаңаша көзқарас қажет. Барлық азаматымыз мойын ұсынатын рухани құндылығымыздың ұйтқысын жасауымыз керек. Ал оны кім жасай алады?! Әрине, БІЗ! Ең үлкен ұлттық саяси күш – «AMANAT» партиясы жасайды. Ең берік қорған ол – ұлттың руханияты. Біз Қазақстанның гүлденуіне – мәңгілік болашағына шынайы мүдделі адамдарды азат Отан топырағына топтастыра түсуіміз керек».

0
0
257

Ауыл – бәрімізді тербеткен бесігіміз!

«Егер біз, әділ мемлекет, әділ экономика, әділ қоғам құрамыз десек, онда ең бірінші ауылды аяғынан тұрғызуымыз қажет. Әділдік сонда ғана болады! Ауыл – бәрімізді тербеткен бесігіміз! Жердің киесі мен Елдің иесінің қаншалықты маңызды екенін «AMANAT» партиясы өте жақсы түсінеді және соған қызмет етеді. Ұлттық болмысымызды сақтаудың, халқымызды тарыдай шашып алмаудың бір жолы – ол ауылдардың инфрақұрылымын дамыту. Осы мақсатты іске асыру үшін «AMANAT» партиясы алдағы бес жылда жүйелі жұмыс істейді. Бәріміздің мойнымызда үлкен парыз бен қарыз бар, ол ауылды көркейту. Ауылды ұмытпайық! Жүректерімізде де, ойларымызда да «Ауыл» деген сөз, тасқа ойылған ою құсап тұрсын!»

t.me/AMANATPartiyasy

0
0
226

Болашағымыз жарқын болуы үшін бәсекеге қабілетті болуымыз қажет.

«Болашағымыз жарқын болуы үшін бәсекеге қабілетті болуымыз қажет. Ол үшін саяси реформаларды, білім мен ғылымды дамыту қажет. Бізге бәсекеге қабілетті білім керек. Біз, Әділетті Қазақстан дегенде кейде оған тұтынушы ретінде қараймыз. Өзімен өзі бір заң немесе шешім арқылы Әділеттілік пен заңдылық пайда болатын сияқты. Ол тек Президент, Үкімет, Әкімдіктің жұмысы сияқты болып тұрады. Анығында олай емес. Әділетті Қазақстанды құру үшін қоғамның барлығы түгел жұмылдыруы керек»

t.me/AMANATPartiyasy

0
0
194

Еліміздегі жас «аманаттықтар» саны 100 мыңнан асты.

Еліміздегі жас «аманаттықтар» саны 100 мыңнан асты. Әулиекөлде орын алған өрт кезінде дәл мендей 1300 жас сол жаққа барды. 1200 ерікті Екібастұз тұрғындарына көмек көрсетті. Өзгерістің бастамасы осы деп білемін. Әлем өзгеруде. Мемлекет қайта жаңғыруда. Партия бағдарын айқындады. «Жастар рухы» жастардың шығармашылық қабілетін дамытып, оларды қолдау мақсатында көптеген жобаларды жүзеге асырып келеді. Бұл – рухтастар көрсете білген алып күш. «Сен де бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та, бар қалан...» деп, Абай хакім айтқандай, өз орныңды таба білу, жаның қалаған іспен айналысу, жаңа кезеңге аттаған еліміздің дамуына үлес қосу кез келгеніміздің қолымыздан келеді. Мен оған сенімдімін! Осындай ел болашағын айқындайтын жауапты кезеңде біз – жастар, өзіміздің бар ынта-жігерімізді салып, еңбек етуге…

0
0
195

Әлемді өзгерткің келсе, өзіңді өзгерт» деген қағида бар.

«Әлемді өзгерткің келсе, өзіңді өзгерт» деген қағида бар. Менің мақсатым өзгерісті өзіміздің ауылдан, өзіміздің ауданнан бастау. Өз ауданымда қолайлы орта қалыптастыру, оны көркейтуге, дамуына үлес қосу. Күнделікті қоғамдық саяси өмірде әйел заты ер азаматтармен тең дәрежеде еліміздің дамуына өз үлесін қосып келеді. Бұлардың барлығы біздің Әділетті қоғам құру жолындағы бастамаларымыздың бірі деп білемін. Жаңару – бұл жастардың ісі. Өзіміз үлгі еткен Домалақ ана сияқты асыл әжелеріміздің ізін жалғап, еліміздің уығын тіктеп, керегесін нығайтуға ат салысу біздің бәріміздің азаматтық борышымыз!»

t.me/AMANATPartiyasy

0
0
291

Бізге жаңа рухани саясат керек.

«Бізге жаңа рухани саясат керек. Руханият – ол ұлттық қауіпсіздіктің бірден бір негізі. Жаңа руханияттың саясаты ұлттың түбегейлі мүдделерімен сай болуы тиіс. Тіл, ұлт сипаты, әдебиет, өнер, қоғамдық сана, осылардың барлығына жаңаша көзқарас қажет. Барлық азаматымыз мойын ұсынатын рухани құндылығымыздың ұйтқысын жасауымыз керек. Ал оны кім жасай алады?! Әрине, БІЗ! Ең үлкен ұлттық саяси күш – «AMANAT» партиясы жасайды. Ең берік қорған ол – ұлттың руханияты. Біз Қазақстанның гүлденуіне – мәңгілік болашағына шынайы мүдделі адамдарды азат Отан топырағына топтастыра түсуіміз керек».

t.me/AMANATPartiyasy

0
0
225

♾Ертең Астана қаласында «AMANAT» партиясының XXV Съезі өтеді

💬Іс-шара тікелей эфирде партияның ресми Youtube арнасында көрсетіледі. Сондай-ақ «AMANAT»-тың Telegram-арнасында мәтіндік хабар таратылады.

💬Іс-шара тікелей эфирде партияның ресми Youtube арнасында көрсетіледі. Сондай-ақ «AMANAT»-тың Telegram-арнасында мәтіндік хабар таратылады. 💬Іс-шара тікелей эфирде партияның ресми Youtube арнасында көрсетіледі. Сондай-ақ «AMANAT»-тың Telegram-арнасында мәтіндік хабар таратылады.

🔹🔹🔹

♾Завтра в Астане пройдет XXV внеочередной Съезд партии «AMANAT». В работе Съезда примут участие делегаты со всех регионов страны.

💬Прямая трансляция мероприятия пройдет на официальном Youtube канале партии, а также будет проведена текстовая трансляция в Telegram-канале «AMANAT».

#AMANAT

0
0
235

Қайнар ауылында өткен кездесу

Бірінші Май ауылдық округіне қарасты Қайнар ауылында өтініштер мен тілектерді жинақтау бойынша "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында қарттардың, ауыл жастарының қатысуымен кездесу өтті. Толғандыратын бірқатар сұрақтар көтеріліп, тілектер жинақталды.

0
0
190

⚡️Аманаттықтар Алматы қаласы тұрғындарының ұсыныс-тілектерін тыңдады

▶️Мәселен, танымал тележурналист, партия мүшесі Мақсат Толықбай Алматыдағы аманаттықтар қаладағы «Түрксіб жәрмеңкесі» базарына барып, шағын бизнес өкілдерінің ұсыныстарын тыңдады. 💬«Біз тауарға ең көбі 100 теңге қосамыз. Мұны қымбатшылық деуге келмейді. Алайда «Алтын Орда» базарында азық-түлік бағасы жиі көтеріледі. Өзіміз де сол жерден сауда жасаймыз. Сол жерде тексеріс жүргізген жөн. Жанар-жағармайды қымбатшылығы да, кептеліс те баға өсіміне әсер етеді. Баспана бағасы да оңып тұрған жоқ. Бәлкім, бастапқы жарнаға қандай да бір жеңілдік жасалғанда көп адам үйлі болар ма еді», – дейді «Түрксіб жәрмеңкесі» базарының саудагерлері.Сондай-ақ, қала тұрғындары мегаполистің инфрақұрылымын дамыту, яғни, метро желісін қала аумағынан тыс, облыстың жақын орналасқан қалаларына дейін жеткізу, экология…

0
0
194