Мазмұнға өту

Жаңа

Біздің ырғақты ұстан!

Елді өзгертетін, жабырқаған жанды жадырататын біздер боламыз. Болашақ журналистер «Медиакит» жобасының «Ырғақ» қосымшасын ашып отырмыз. Студент өмірінде болып жатқан сан түрлі жаңалықтарды, ортамызда жүрген жақсы адамдар жайлы сырды, армандарымыз бен қиялдарымызды ақтарғымыз келеді.«Жас келсе, іске» деп тегін айтылмаған шығар. Білек сыбанып жазғымыз, ой бөліскіміз келеді. Шешімін күткен небір проблемалар жайлы ой толғау да кезек күттірмейді.Жан сырын ақтарып, көңілімен бөліскісі келетін шығармашыл жастарды жатсынбаймыз. Жазыңыздар, пікір айтыңыздар.Бізде нақты бір тақырып та, шектеу де жоқ. Нені ұнатасыздар, көңіл қошы нені қалайды - соның бәрі тақырып бола алады. Батыл ойлар мен тың ұсыныстар жанды талқылауға ойтамызық болар.Қысқасы, біздің ырғақты ұстаныңыздар! mediakit.kz сайты арқылы…

0
0
616

Сотталғандар «Еңбек» бағдарламасы туралы білді

Үстіміздегі жылдың 30 қазанында Кәсіптік бағдарлау бөлімінің меңгерушісі К.Жекетаев жұмыспен қамту мәселесі бойынша, облыстық өңірдегі еңбек нарығының жағдайы және жұмыспен қамту қызметімен ұсынылған мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттарментұтқындар алдында сөз сөйледі.Кездесуде Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару қызметі департаментінің ЛА-155/18 мекемесінен 25 сотталушылар қатысты.Ол кездесуге қатысушыларды жұмыспен қамту қызметінің мемлекеттік қызметтері мен оларды беру тәртібі туралы хабардар етті, қазіргі уақытта қандай кәсіптер (мамандықтар) сұранысқа ие екенін айтты.Бұдан басқа, жұмыспен қамту қызметі туралы толық ақпараттармен және Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту Орталығының байланыс деректері бар буклеттер таратылды.Жұмыссыз ретінде тіркеу тәртібі түсіндірілді, мұнда…

0
0
628

Парақорлықты жеңуге болады

Әрқайсысының парақорлыққа қатысты қолданатын әдісі сан алуан.Айтарлық, әлем мойындаған Швецария, Сингапур, АКШ секілді елдер жемқорлықтың алдын алуға, түсіндіру жұмыстарының нәтижелі болуына терең мән берсе, Қытай кеселді жеңудің негізгі тәсілі ретінде заңын қатаңдатып, жемқорларды өлім жазасына кeсуді тәжірибеге енгізген.Жас мемлекет ретінде біздің де бұған дейінгі заңдарды жасағанда дамыған елдер тәжірибесіне сүйенгеніміз ақиқат. 1998 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы курес» туралы заң сондай үлкен ізденістен туған құжаттың бірі болды. Алайда, заман талабы бұл заңның көп қажеттілікке жауап бере алмайтынын көрсетті. 2015 жылы қайта жасалған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қымыл туралы» заң алдыңғы кемшіліктерді жойып, кеселдің алдын алудағы тиімді тетіктермен көпшілік тарапынан…

0
0
524

Осуждённые узнали о Программе «Еңбек»

30 октября текущего года перед заключёнными с информацией по вопросам занятости, о состоянии регионального рынка труда и государственных услугах предоставляемых службой занятости выступил руководитель отдела профориентации К. Жекетаев.На встрече участвовали 25 осужденных лиц из учреждения ЛА-155/18 Департамента уголовно-исполнительной службы по городу Алматы.Он проинформировал участников встречи о государственных услугах службы занятости и порядке их предоставления, рассказал, какие профессии (специальности) наиболее востребованы в настоящее время.Кроме того, были розданы буклеты с подробной информацией об услугах службы занятости и с контактными данными Центра занятости населения города Алматы.Был разъяснен порядок регистрации в качестве безработного, гарантии, предоставляемые государств…

0
0
367

Алдамаңдар, ешқашан алдамаңдар...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – صاحبة السعادة | Sahibet Al-Saada

Бейнематериал авторы – Sergei Egorov

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Алдамаңдар, ешқашан алдамаңдар,

Пәк сезімге, дақ түсіріп жатпаңдар.

Кір түсіріп көңілге, жылатпаңдар,

Кезек дүние, бір соны, ұмытпаңдар.

Алдандым деп ешқашан, жыламаңдар,

Алданғанның ертеңі бар, таңы бар.

Шалынсаң да аяқтан, құламаңдар,

Төмен қарап, күрсінбей, тік қараңдар.

Азар болса, сабақ алдың, тағдырдан,

Ауыртады әрине, ине болып қадалған.

Удай ашып тұрсадағы, мынау жаның,

Дерт қалмасын, жүрегіңде жазылмаған.

Сыналады шын сүйген, тағдырымен,

Сары шапан өлшеулі, қысқа жеңмен.

Өмір кезек, әр түрлі қызығымен,

Түңілмесін, жыламасын, шын сүйген.

1
0
481

Жолдауды қолдау және насихаттау мақсатында кездесу

2018 жылы қарашаның 1-і Жарқайың ауданында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департамент басшысы - Қайрат Қабдоллаұлы Қасенов ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5- ші қазанындағы жолдауын қолдау және насихаттау мақсатында кездесу өткізді.Державинск қаласы Н.Крупская атындағы орта мектебінде және Гастелло ауылындағы Мәдениет үйінде тұрғындармен оның ішінде зейнеткерлер, мемлекеттік қызметшілер, мұғалімдер, бюджеттік сала қызметкерлері, кәсіпкерлер және жастармен кездесу өткізілді .Елбасы Жолдауының негізгі бағыттары диалог форматында талқыланды. Кездесуде халықтың табысын арттыру туралы, білім беру мен денсаулық сақтау сапасын жақсарту, тұрғын үй қолжетімділігі туралы а…

1
0
420

Тағылым мен Өнеге егіз...

Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің «Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультеті 1948 жылы «Орман шаруашылығы» факультеті болып бұрынғы Қазақ ауылшаруашылығы институтында құрылған. Бұл факультет табиғат байлықтарын игеру мамандарын оқыту десек, артық айтпаймыз.Осы орайда Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің «Орман,жер ресурстары және фитосанитария факультетінің деканы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Құрманкүл Абаева деканының тәрбие жөніндегі орынбасары, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент Шабалина Майя , "Гүлстан" республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік журналының PR менеджері Батима Кабдолданованың ұйымдастыруымен 2016 жылдың қазан айының 25 жұлдызы күні Жамбыл облысы Шу ауданының «Жерұйық» жас натуралистер станциясында семинар – практикум өткізілді. Се…

2
0
1567

Үзілмес сезім екенсің...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Daveed ~ Tango / Irene Sheri - paintings

Бейнематериал авторы – stef2012bg

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Қайдасың, қайда арманым,

Сезім деп, алға шақырған.

Елеске, неге оралдың,

Бақ құсым болмай, самғаған.

Жылдарым менің, көктемім,

Әлі де естен, кетпеген.

Сондықтан, менің жүрегім,

Күзден де, көктем іздеген.

Тұрсада айтып, мұң тамшы,

Сырымды, жүрек сақташы.

Бес күндік, өмір алдамшы,

Деп сезім, маған айтпашы.

Алыстан сені құшамын,

Сағынып күнде, еске алып.

Жете алмай саған, жатамын,

Қанатсыз құстай, мен қалып.

Үзілмес сезім екенсің,

Жат болып мүлдем, кетсең де.

Әлі де менде мекенің,

Ғасырдай, уақыт өтсе де.

1
0
602

Шоқан Уәлиханов

Шоқан Уәлиханов- Қазықтың жас ғалымының географиялық және тарихи зерттеулері П.П.Семенов Тянь-Шаньский арқылы Петербордың ғылыми ортасында белгілі бола бастады. Содан кейін де, 1857 жылы 27 ақпанда Шоқан Уәлиханов Орыс географиялық қоғамына толық қабылданған болатын. Жас ғалымға П.П.Семенов Тянь-Шаньский мен В.И.Ламанский ауызша мінездеме берген еді. Яғни, олар Шоқан Уәлихановты, әсіресе, осы кезге дейін тың жатқан Орта Азия мен Қазақстанды тануда көп пайдасын, үлесін тигізген. Семенов Тянь-Шаньскийдің пікірі сараң тілімен сақталып: " Шоқан Уәлиханов Ыстық Көлдің шығыс жағалауына саяхат жасап, қазақ даласы жөнінде географиялық, этнографиялық және тарихи құнды материалдар қорын жинады және оларды ұсынуға әзір", деп жазған болатын. Шоқан Уәлихановтың осы күнге дейінгі еңбектерін мойындап, О…

0
0
694

Қазақстан мен Түркия. Екі ел арасындағы ынтымақтастық

Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен Туркияның Қазақстандағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз қазақ журналистермен кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастық байланыс төңірегінде әңгімелесті. Бүгінде бауырлас елдер – Қазақстан мен Түркия арасында тарихи-мәдени байланыстармен қатар экономика саласындағы әріптестіктің тарихы тереңге кетеді. БАҚ өкілдерімен кездесуде Бас Консул байланыстары түркі әлемінің қойнауына кететін, рухы мен тарихы туыс елдердің саяси-экономикалық, дипломатиялық, тарихи және рухани мәселелер жайлы кеңінен мағлұмат берді. Рыза Қаған Йылмаз айтуынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанның бастамасымен, екі ел арасындағы сауда айналымын жуық арада 10 миллиард долларға жеткізу мақсат етілген. Ежелгі Жібек жолын жаңғы…

1
0
952