Жолдауды қолдау және насихаттау мақсатында кездесу
2018 жылы қарашаның 1-і Жарқайың ауданында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департамент басшысы - Қайрат Қабдоллаұлы Қасенов ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5- ші қазанындағы жолдауын қолдау және насихаттау мақсатында кездесу өткізді.
Державинск қаласы Н.Крупская атындағы орта мектебінде және Гастелло ауылындағы Мәдениет үйінде тұрғындармен оның ішінде зейнеткерлер, мемлекеттік қызметшілер, мұғалімдер, бюджеттік сала қызметкерлері, кәсіпкерлер және жастармен кездесу өткізілді .
Елбасы Жолдауының негізгі бағыттары диалог форматында талқыланды. Кездесуде халықтың табысын арттыру туралы, білім беру мен денсаулық сақтау сапасын жақсарту, тұрғын үй қолжетімділігі туралы айтылды. ҚР Президентінің жолдауы аудан тұрғындары арасында оңды қоғамдық резонанс туғызды: ең төменгі жалақыны арттыру, «мұғалімдердің мәртебесі» Заңы, жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу, білім беру ұйымдарының қауіпсіздікті қамтамасыз ету және т.б .
Тұрғындармен кездесу барысында жолдауға байланысты өз пікірлерін айтты, қойылған сұрақтар толғандырды, өзекті мәселелер көтерілді.
