ҚР дін саласындағы заңнамалық актілердің рөлі мен маңызы
Қазақстанның конфессиялық алаңының құрылымы келесідей күйде. 2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша республикада 18 конфессияға жататын 3658 діни бірлестік пен олардың филиалдары тіркелген. Саны жағынан ең көбі ханафи мәзхабы мен праволавтық сенім. Сондай-ақ католиктік, протестанттық шіркеулер, иудаизм, буддизм, кришна қауымдары мен ғибадатханалары бар.Республикада 3464 ғибадат ету үйі бар. Оның 2550-і мұсылман мешіттері, 294-і православ, 109-ы католик шіркеуі, 495-і протестанттық, 7 иудаистік синагога, 2 буддағ 7 «Кришнаны тану қоғамы» және Бахаи ғибадатханасы. Көріп отырғанымыздай соңғы жылдары Қазақстанда халықтың діншілдігінің өскені байқалады. Бұл елдегі діни ахуалдың сапалы жылжуынаәкелген. Сонымен қатар дін саласында күні бүгін біркелкілікжоқ. КСРО құлағаннан кейін Қазақстанда д…