Сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету тәртібі
Медициналық-әлеуметтік сараптама мамандары мүгедектің оңалтудың жеке бағдарламасын (ОЖБ) әзірлейді. Есту қабілеті бұзылған мүгедектерге арналған ОЖБ әзірлеу кезінде, МӘС бөлімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығын басшылыққа алады. Өзгерістермен 29.07.2017 жылы күшіне енді. Осы бұйрықта сондай-ақ ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсынуға медициналық көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер келтірілген. Ымдау тілі дағдыларын меңгерген мүгедекке ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсынуға медициналық көрсеткіштер: керең-мылқау, абсолюттік керең-саңырау, есту протездеуге жатпайтын 4 д. құлақ мүкістігі, есту протездеуге жатпайтын моторлы афазия, көмейдің бол…