«AMANAT» партиясы қарияларға қамқорлық көрсетеді
«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабының төрағасы Сайрангүл Жұмаділова Катонқарағай ауданына барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Ол аудан ақсақалдарымен кездесіп, партиялық бағдарламаның әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты басымдықтары туралы айтты. Бұдан соң аудан жастарымен жүздесіп, өңірді дамытуға қатысты жоспарларымен бөлісті. Кездесуден кейін штаб төрағасы «Есіктен есікке» акциясын өткізіп, үйді-үйді аралап үнпарақ таратты. «Зейнетке шықса да ел дамуына бей-жай қарамай, азаматтық ұстанымын айқын білдіріп жүрген қариялардың пікірі әрдайым маңызды. Біз халықтың талап-тілегін әрдайым назарда ұстаймыз», – дейді С.Жұмаділова. Сондай-ақ, кандидат қарттарға қолайлы жағдай жасау партияның маңызды міндеттерінің бірі екенін жеткізді. «Егде жастағы, зейнет жасына таяғ…

