Мазмұнға өту

Жаңа

Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында (бұдан әрі – ЖҚЖК) шамамен

Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында (бұдан әрі – ЖҚЖК) шамамен 6,4 мың жобаны іске асыру басталып, олар бойынша 165 мың жұмыс орны құрылды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/165-tys-rabochih-mest-sozdano-v-ramkah-dkz?lang=kk

0
0
196

COVID-19-бен күресуге тартылған 1 259 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық

COVID-19-бен күресуге тартылған 1 259 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды. Сондай-ақ, МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 11 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/bolee-12-tys-medrabotnikov-poluchili-vyplaty-iz-gfss-v-svyazi-s-zarazheniem-covid-19-i-pnevmoniey-07?lang=kk

0
0
231

Облыстық көліктік бақылау инспекциясымен бірлескен рейд

2020 жылдың 05 қыркүйегінде БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен облыстық көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп «Aqjaiyiq - adaldyq alany» жобалық кеңсесі қызметкерлерінің қатысуымен республикалық Орал – Ақтөбе тас жолдарында рейдтік іс-шаралар өткізілді.Оның негізгі мақсаты бекеттерде бақылау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, сонымен қатар жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.Рейдтік іс-шара барысында 1 құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 1-бөлігімен (Жүкті, жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушының тауар-көлік жүкқұжатын (өлшеу немесе салмағын өлшеу актілерін, CMR), жол парағын ұсынбауы, сол сияқты оларды толтырмауы), ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы…

1
0
189

Алматы облысында биыл жалпы құны 306,1 млрд теңге болатын жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Оның ішінде 800-ден астам жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 14,6 млрд теңге болатын 15 жоба пайдалануға берілді.

Жыл соңына дейін «Автодром Sokol» спорттық-техникалық кешенінің құрылысы («Sokol» СТК» ЖШС, жобаның жалпы құны 74 млрд теңге), цемент зауытының құрылысы («Alacem» ЖШС, жобаның жалпы құны 47 млрд теңге), «Қаскелең Солар Пауэр» күн электр станциясының құрылысы 50 МВт («MistralEnergy» ЖШС, жобаның жалпы құны 15,6 млрд теңге), құс фабрикасын қайта жаңарту («OTAN GreenFood» ЖШС, жобаның жалпы құны 10,5 млрд теңге), құрама жем зауыты («Феникс Фид Миллс» ЖШС, жобаның жалпы құны 5,8 млрд теңге).

0
0
169