"Nur Otan" партиясының облыстық конференциясы 17 қарашада өтеді
«Nur Otan» партиясы өңірлік филиалдарында өтетін конференциялардың кестесін жариялады. Оның барысында барлық деңгейдегі мәслихаттарға партиялық тізімдер және әр өңірден Мәжіліске партиялық тізімге кандидаттар анықталатын болады.Сонымен, конференция 10 қарашада – Шымкент қаласында, 11 қарашада – Алматы қаласында, 12 қарашада – Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Алматы, Қарағанды және Қызылорда облыстарында – 16 қарашада, ал Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 17 қарашада өтпек.Партияның баспасөз қызметі хабарлағандай, пандемия жағдайына байланысты партиялық конференциялар барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылады. Бұл ретте партияның ресми аккаунттарында барлық…

