Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шоқан Уәлихановтың 185-жылдығына орай бейнежазба ұсынылды

Бейнежазбада Шоқан Уәлиханов туралы ең маңызды он дерек ұсынылып отыр.

Шоқан аз өмірінде халқының елдік қасиетін көтеріп, мәдениеті жоғары елдермен терезесі тең дәрежеге жетуін армандаған. Сонда жалғыз қазақ халқы емес, тарихы бір тамырлас, тілі де, діні де, ділі де бір Орта Азия халықтарын тұтас ойлайды, бірге өсіп, бірге дамуын ойлайды. Шоқанның Орта Азия мен Азия халықтарының тарихы мен географиясына арнап жазған ғылыми еңбектердің алғашқы іргетасын қаласқан географ, қазақтан шыққан тұңғыш суретші екені де әлем өнерпаздарына әйгілі.

Туған еліне деген сүйіспеншілігі, қазақ халқының қарапайымдылығын, халқының ән мен жырға әуес екендігін, тек қана әуестеніп қоймай, бұл өнерді ерекше меңгергендігін аса білгірлікпен көркем сөзбен де жазып қалдырған.

«Қазақтар өздерінің көне аңыздары мен наным-сенімдерін қайран қаларлық тазалықта сақтай білген,... әсіресе өлең-жырлары еш өзгеріссіз ауызша тарағанына адам айтса нанғысыз қасиет, бұл күмән келтіруге болмайтын шындық», - деп, халқымыздың ертеден сақталып келе жатқан бай ауыз әдебиетін, заман ағымын, халқымыздың тұрмыс-тіршілігін мақтан ете жазған. Ш. Уәлихановтың ғылымда ең үлкен еңбектерінің қатарына алғаш рет қырғыздың «Манас», «Сәметей» жырларын жазып алып, даланың «Илиадасы» мен «Одиссеясы» деуі де бұл шығармаларға берілген баға.

https://www.facebook.com/nurotanakmolaoblysy/videos/3716524121720450

0
0
521

Осы тақырып бойынша